Экс-министр Біртановтың үйқамақ мерзімі ұзартылды — адвокат

Елорданың ауданаралық тергеу соты бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімін 2021 жылдың наурызының соңына дейін ұзартты. Бұл туралы Біртановтың адвокаты Дмитрий Куряченко айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан тергеу соты Елжан Біртановтың үйқамағын ұзартты.

«Тергеу үйқамақ мерзімін 2021 жылдың 12 ақпанында ұзартуды сұрады, сот наурыздың соңына дейін ұзартты», — деді адвокат Дмитрий Куряченко.

Экс-министрдің адвокаты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Біртановты заңсыз қудалау ісін реттеуге өтініш жазғанын» да айтты.

Еске салайық, Біртанов 2020 жылы 25 маусымда денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Оның ұсталғаны 3 қарашада белгілі болды. Біртановқа аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр.

2020 жылдың қарашасында Дмитрий Кураченко экс-министр үйқамақта екенін хабарлады. 2021 жылдың қаңтарында Нұр-Сұлтан тергеу соты Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімін ақпанның соңына дейін ұзартқан болатын.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...