12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«Екпеден кейін жағдайы нашарлаған»: Қарағандыда түркістандық 17 жасар сарбаз көз жұмды

Түркістан облысынан Қарағанды өңіріне әскери борышын өтеуге барған сарбаз қаза болды. Небәрі 17 жаста қыршын кеткен Рамазан Жақыптың ата-анасы ұлдарының өліміне сене алар емес. Айтуларынша, марқұмның жағдайы екпе салғаннан кейін күрт нашарлап кеткен. Ал Абай ауданындағы Ұлтық ұланның әскери бөлімі сарбазға ешқандай екпе салдырмағандарын айтады.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-ші арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Рамазан Жақыптың әскери киімі Қарағандыдан Түркістан облысына иесіз оралды. Былтыр желтоқсанда Құлатаевтар әулеті тұңғыш ұлдарын қуанышпен әскерге шығарып салған. Ал қазір бұрыштағы күртешені ғана құшақтап, егіліп отыр.

«Ол кәдімгі ауылда қара жұмыс істеп, мал қарап жүрген дені сау бала ғой, ешқашанда оның жүрегі ауырған емес. Дені сау бала ғой…», — деді марқұмның анасы Алтынай Құлатаева.

Алтынай Құлатаева осыдан он күн бұрын ұлымен сөйлескенде ұлы тамағының ісіп кеткенін айтқан. Онысын екпе салдырғаннан кейін қарауылға бірден шығып кеткені салдарынан болғанын айтқан.

«Қалайсың енді қазір деген едім, жағдайым жақсы деді. Неге жатпадың енді деген едім, жатқызбады деді. Температурамен барған ғой бірақ. Бірақ жатқызбады деді. Ойым сол, менің, қараусыз қалған да. Температурамен барса, ангинамен барса», — деді Алтынай Құлатаева.

Ал келесі күні, екінші ақпанда таңғы сегізде Рамазан әлсіреп тұрғанына шағымданған. Дәрігерлер оны Абай қаласының орталық ауруханасына жеткізген. Медициналық тексеру кезінде жағдайы күрт нашарлап, жансақтау бөліміне жатқызылған.

Бөлімшедегілер жауынгерге ешқандай екпе салмағандырын айтады. Ал сарбаз менингиттен қаза болды деп отыр.

«Таңғы сегізде басталды. Оның алдында түнде тұрып жатқаны көрініп тұр, камерамен қарағанда. Таңғы сегізде достары келіп айтты. Рамазанның жағдайы нашарлап жатыр қараңызшы деп. Одан кейін бірден біздің дәрігерлер сол ауруханаға апарды. Сағат 08:50-де ауруханада болды. Сағат 11:00 де қайтты деген хабар келді», — деді 6505 әскери бөлімшесі командирдің орынбасары Армман Сейітов.

Қазір 6505 әскери бөлімі карантиндік режимде жұмыс істейді. Марқұммен байланыста болғандар тексеріліп, ғимаратты толығымен залалсыздандырған. Айта кетсек, осыдан екі жыл бұрын дәл осы әскери бөлімде Талғардан келген сарбаз өзіне оқ атып, мерт болған еді.

ЖАНАКОРГАНЦЫ ПРИНИМАЮТ АКТИВНОЕ УЧАСТИЕ В НЕДЕЛЕ «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»

Жители Жанакорганского района приняли активное участие в неделе «Жасыл...

ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚТАР «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДА

Өңірімізде Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан»...

«Құқықтық тәртіп» түсіндірме жұмыстар өткізілді

Ағымдағы жылдың 26-28 сәуір аралығында Түрксіб ст.ЖПб-нің қызметкерлері Түрксіб...

Пробация қызметі — сотталғандарды қайта тәрбиелеуге үлесін қосу

Пробациялық бақылаудың мақсаты-заңмен немесе сотпен белгіленген міндеттерін орындауларын бақылау...

Жазаны өтеудің жеңілі – қоғамдық жұмыс

Аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар ҚР Қылмыстық кодексінің...