Мемлекеттің экономикалық даму мен өрлеуге апаратын сүрлеу жолы бірінші кезекте мемлекеттің бюджет қаражатынан бөлек жекелей ел ішіндегі және шетелдерден түсетін жеке инвестицияларға назар аудару екені түсінікті. Бұл орайда инвестициялық ахуалдың, яғни, әлеуетті инвесторлардың келіп өз қаржысын салуына жағдай туғызу оларды қос тарапқа да тиімді болатын жобаларға тарту аса маңызды мәселелердің бірі.
Ақмола облысында да аталған мәселеге соңғы жылдары баса назар аударылып келеді. Жеке инвестициялардың көмегімен экономиканың басты драйверлері – ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес, сауда және басқа да салаларға қомақты инвестициялар құйылуда. Мұнымен қоса инвестициялық қаражат көмегімен өңірдегі әлеуметтік салалардың да жанданып келе жатқанын атап өткен жөн. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметке, құзырлы министрліктер мен әкімдіктерге қадап айтқан басымдықтары мен жүктелген міндеттеріне сәйкес Ақмола облысында да экономиканың негізгі секторларына инвестициялық қаражат тарту бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы жүргізген статистикалық деректерге сүйенсек, тек осы жылдың 1 тоқсанында ғана облысқа тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі 155,7 миллион АҚШ долларын құраған. Мұның ішінде атан түйеге жүк боларлық қомақты үлес өнеркәсіп өндірісі саласының арқасында қол жеткенін атап өткен жөн. Жеке инвестициялар өңір экономикасының қарқынды дамуына барынша елеулі ықпал етуде. Мәселен, биылғы жылдың өзінде ғана Ақмола облысында жекелей инвестициялардың есебінен шағын және орта кәсіпкерлікті қоса алғанда барлық салаларда көрсеткіш көлемінің ұлғайғаны байқалған. Облыста алпауыт инвестициялық компаниялардың көмегімен 190 миллиард теңге сомасына өңірдің экономикасын алға жылжытатын 198 іргелі жобаларды жүзеге асыру жоспарланыпты. Аталған жобалар пайдалануға берілгеннен кейін өңірде екі қолға бір күрек таппай жүрген азаматтарға 1,7 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылмақ. Бүгінгі таңға дейін жеке инвестициялардың арқасында облыс аумағында 46 миллиард теңге сомасына салынған 60 бірдей жоба пайдалануға берілді. Инвестициялық ірі жобалар өңірдің өзінде шығарылатын өнім түрлері мен оның көлемін де ұлғайтуға мүмкіндік беріп, түрлі салаларда ел экономикасына қомақты салық төлеуге мүмкіндігі бар кәсіпорындар пайда бола бастаған. Биылғы жылғы тұсауы кесілген жобалардың да алдағы уақытта елдің экономикасына сүбелі үлес қосуға мүмкіндігі аса зор екенін атап өткен жөн. Мәселен, биылғы жылы жүзеге аспақ инвестиКөрнекі сурет ашық дереккөзден циялық жобалардың арқасында өңірдің шалғай аудандарында жарма мен құрама жем, темір-бетон бұйымдары, кірпіш өндірістері ел игілігіне берілді. Сонымен қатар инвестициялық қаражаттың көмегімен металлдан жас а л ғ а н б ұ й ы м д а р ш ы ғ а р у б о й ы н ш а өндірістік кәсіпорындарды жаңғыртуға ауыл шаруашылығы техникаларын шығару өндірісінің қолда бар кәсіпорындарының сол сияқты құс етін өсіруге және шығаруға бағытталған кәсіпорындардың қуат күшін кеңейтуге қаражат бөлінгенін атап өтуге болады. Инвестициялық жобалар көмегімен алдағы болашақта аграрлық саладағы кәсіпорындардың да жағдайын жақсартып, экономиканың негізгі қозғаушы күші ауыл шаруашылығының одан әрі жандануына ықпал етуге болады. Мәселен, жақын уақытта өңірдің бірқатар аудандарында өңірдің дамуына сүбелі үлес қосуға қауқарлы әрі жаңадан жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретін жобаларды қолға алу көзделіп отыр. Атап айтқанда, Зеренді және Ерейментау аудандарында қос бірдей ірі агроөнеркәсіптік кешендердің құрылысын бастау бойынша іргелі жобаны жүзеге асыру жоспарланыпты. Сонымен қатар, облыс орталығының тап іргесінде орналасқан – Зеренді ауданында техникалық алмас концентраттарын шығару бойынша фабриканы іске қосу көзделгенін айта кеткен жөн. Ал өнеркәсіптік өндіріс ошақтары ең көп шоғырланған Степногорск қаласында күкіртқышқылды зауыттың екінші желісін ашу бағытында жұмыстар қызу жүргізіліп жатыр. Аймақта сонымен қатар инвестициялық қомақты қаражатты тарту есебінен көп уақыттан бері ел игілігіне қызмет етіп отырған өндіріс ошақтарымен қатар жұртқа таңсық жаңа жобаларды да қолға алу көзделіп отыр. Атап айтқанда, сирек кездесетін металдарды қолдана отырып кәсіпорындардың дамуына қажетті бірқатар өндірістік жобалар қолға алынбақ. Мәселен, облыс аумағында орта мерзімді жобаларды жүзеге асыру есебінен электролиттік метал қосылған марганец, жасанды мәрмәр тасы, ұсақ сұрыпты прокат өндірісін игеру жоспарланған. Сол сияқты қолданыстағы кәсіпорындардың өндіріс көлемін ұлғайтуға баса назар аударылып отыр. Әсіресе, ауыл шаруашылығы техникалары, құрылысқа қажетті кірпіш өндірісін кеңейту мақсатында инвестициялық қаражатты тарту көзделген. Өңірдің өндірістік орындар саны мен көлемі жыл өткен сайын артып, шығаратын өнім көлемі ұлғайып келе жатқан ауданның бірі – Аршалы ауданы. Елордаға іргелес орналасқан аудан аумағында ел экономикасына сүбелі үлес қосып отырған кәсіпорындардың шоғырланғанын атап өткен жөн. Сондықтан да құзырлы ведомство мен жергілікті атқарушы билік өкілдері бұл ауданда республикалық маңызға ие «Aqmola» индустриалды аумағын құру туралы шешім қабылданған. Бұл орайда аудан аумағында құрылған индустриалды аумақта бірінші кезекте өңірдің экономикалық және әлеуметтік жағдайы мен әл-ауқатын нығайтатын тиімді инвестициялық жобалармен толығуына баса назар аударылмақ. Аймақта жаңадан пайда болатын немесе осыған дейін жұмыс істеп тұрған өндіріс ошақтарының бәсекеге қабілеттілігі, шетелдік компаниялармен дұрыс бағытта жұмыс істеу арқылы шығарылатын өнімдердің сапасына мән бере отырып экспортқа бағдарлау, сонымен қатар өнеркәсіп орындарында бірінші кезекте инновациялық технологияларды қолдану әрі жұмыс барысында орналасқан жердің экологиялық жағдайын ушықтырмауға назар салынбақ. Облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметінше аймақтағы инвестициялық климатты жақсарту, шетелдік және отандық инвесторларды тарту бағытын темірқазық еткен «AQMOLA INVEST» инвестицияларды дамыту орталығы» кең көлемде жұмыс істеп отыр. – Басты арнасы өңірдің экономикасын дамыту мақсатындағы инвестицияларды тартуға бағдарланған компания тек жыл басынан бері ғана ел ішіндегі және алыс-жақын шетелдік компаниялардың өкілдерімен бірнеше мәрте бизнес кездесулер өткізген. Оның ішінде 18 рет Венгрия, Ресей, Қытай, Иордания, Англия, Швейцария, Тәжікстан және Түркия инвесторларымен жүзбе-жүз жолығып, түрлі инвестициялық жобалар жөнінде келелі кездесулер өткізілді, – дейді Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Ербол Оспанов. Өңірде осыған дейін болмаған жаңа бастамалардың қолға алынуы үшін де инвесторларды тартуға баса назар аударылған. Бұл орайда әлеуетті инвесторлармен бұрын соңды көтерілмеген тың жобаларды жүзеге асыру және ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесулер жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Мәселен, аймақта ауыл шаруашылығы технологиялық паркі, тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауыты, сондай-ақ биогаз өндіріс ошағының құрылысы бойынша ірі жобаларды жүзеге асыру жайы қарастырылып жатыр. Өңірдің өзіндік ерекшеліктері мен дәстүрлі басты бағыттарын ескере отырып агроөнеркәсіптік кешендер, өнеркәсіп орындары мен туризм салаларына инвестиция тартуға аса мән беріліп отыр. Сонымен қатар, соңғы уақытта аймақта жаңартылған энергия көздері саласына да инвестиция бөлу белсенді түрде жүзеге асырылуда.
Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ


