12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жылдық қуаты 500 мың тонна болатын полипропилен өндіру зауыты іске қосылады

Биыл жылдық қуаты 500 мың тонна болатын полипропилен өндіру зауыты іске қосылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мұнай-газ-химия саласына қатысты, 2021 жылы Шымкент қаласында қуаты 57 мың тонна октан көтеретін қоспалар өндіру зауыты және қуаты 54 млн текше метр техникалық газ және 34 млн текше метр құрғақ сығылған ауа шығаратын қондырғы іске қосылды. Осылайша, елдегі мұнай-газ-химия майлау материалдары, полипропилен, метил-трет-бутил эфирі, октан көтеретін қоспалар, бензол және параксилол өнімдерімен ұсынылған. Бұл ретте, мұнай-газ-химия өнімдері импортының үлесі әлі де жоғары болып қалуда»,- деді министр.

Оның айтуынша, бұл мәселені шешу мақсатында биыл қуаты жылына 500 мың тонна полипропилен өндіру зауытын іске қосу жоспарланған. Осы жылдың өзінде зауыт шамамен 110 мың тонна полипропилен шығаруды жоспарлап отыр.

«Сондай-ақ мынадай ірі жобалар: қуаты жылына 1 млн тонна терефталь қышқылы мен полиэтилентерефталат өндірісі, қуаты жылына 1,25 млн тонна полиэтилен және қуаты жылына 186 мың тонна бутадиен өндірісі іске асырудың бастапқы кезеңінде. Жоғарыда аталған жобалар бойынша бүгінгі таңда Сибур және Татнефть сияқты стратегиялық серіктестері анықталды», — деді Болат Ақшолақов.

Укрепление экономической интеграции

Казахстан и Кыргызстан намерены вывести двустороннее сотрудничество на качественно...

Дорожная карта индустриализации

В прошлом году в Казахстане был принят Национальный проект...

Семь раз отмерь…

Как известно, Казахстан намерен построить атомную электростанцию, об этом...

Смаилов поручил ТЭЦ провести внеплановые проверки

Премьер-министр Алихан Смаилов поручил провести внеплановые проверки тепловых электростанций, передает...

Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды

Премьер-министр Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды, -...