12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстан қант импортын 32 пайызға төмендетеді

Қазақстан қант импортын 32 пайызға төмендетеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл сайын қантты тұтыну шамамен 532 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде отандық шикізат есебінен 7 пайызы ғана қамтамыз етілген. Бұндай кем көрсеткіш өндірістің — ұсақ болуына, суаруға арналған судың жетіспеуіне және қант қызылшасын өсіру кезіндегі қол еңбегіне, қант зауыттарының тозуына, ресейлік өндірушілер тарапынан бағаның демпингіне байланысты болып отыр», деді министр.

Оның айтуынша, сумен қамтамасыз ету проблемасы шешіліп, егіс алқаптарын 14,5 мың гектардан 38 мың гектарға дейін кеңейтіледі. Техникалық жарақтандыру жұмыстары іске асырылып, саланы инфрақұрылымдық дамыту қолға алынады. Сонымен қатар қант зауытын жаңғырту және салу жобаларын іске қосу есебінен жалпы өнім жинауды 332 мың тоннадан 1,8 млн тоннаға дейін ұлғайту көзделеді.

«Демек, қант өндірісін 7 есе 254 мың тоннаға дейін ұлғайту, қант импортын 32 пайызға төмендету күтілуде. Бұл ішкі нарықтың отандық өндірістегі қантпен қамтамасыз етілуін 7-ден 43 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, жоғарыда көрсетілген нәтижелерді алу үшін 5-6 жыл ішінде субсидиялар мен жеңілдетілген кредиттер беру арқылы мемлекеттік қолдау қажет», деді Ербол Қарашөкеев.

Укрепление экономической интеграции

Казахстан и Кыргызстан намерены вывести двустороннее сотрудничество на качественно...

Дорожная карта индустриализации

В прошлом году в Казахстане был принят Национальный проект...

Семь раз отмерь…

Как известно, Казахстан намерен построить атомную электростанцию, об этом...

Смаилов поручил ТЭЦ провести внеплановые проверки

Премьер-министр Алихан Смаилов поручил провести внеплановые проверки тепловых электростанций, передает...

Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды

Премьер-министр Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды, -...