12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерін толық және уақтылы орындайды – Әлихан Смайылов

Бүгін Үкімет отырысында Республикалық бюджетті және Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті нақтылау туралы заң жобалары мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін әлемдік саяси-экономикалық жағдайды ескере отырып, осы жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің нақтыланған болжамын қарадық. Мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерін толық көлемде және уақытылы орындайды. Сондай-ақ қазіргі жағдайда экономиканың сапалы және орнықты дамуын қамтамасыз етеді. Республикалық бюджет жобасы бірінші кезекте осыған бағытталып отыр. Бюджет теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін Ұлттық қордан түсетін кепілдендірілген трансферт мөлшеріне түзету енгізілетін болады», — деді Премьер-Министр Әлихан Смайылов.

Оның атап өтуінше, қосымша шығыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаңтар айындағы, сондай-ақ Үкіметтің кеңейтілген отырысында және Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын іске асыруға жұмсалады. Сонымен бірге осыған дейін қабылданған шұғыл міндеттемелерді орындауға бағытталады.

«Қаражатты қаңтар оқиғасынан кейін мемлекеттік мүлік пен қалалардың инфрақұрылымын қалпына келтіруге, қаржы-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және халықты, бизнес пен экономиканың нақты секторын қолдауға жұмсау жоспарлануда» деді — Әлихан Смайылов.

Осыдан кейін Үкімет мүшелері Нақтыланған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен биылғы жылғы республикалық бюджетті нақтылау бойынша тәсілдерді мақұлдады. Биылғы жылғы республикалық бюджетті нақтылау туралы және Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті нақтылау туралы заң жобаларына қолдап дауыс берді.

«Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері Премьер-Министр Кеңсесімен бірлесіп, заң жобасы мен Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын Парламентке енгізуді қамтамасыз етсін», — деді Әлихан Смайылов.

Укрепление экономической интеграции

Казахстан и Кыргызстан намерены вывести двустороннее сотрудничество на качественно...

Дорожная карта индустриализации

В прошлом году в Казахстане был принят Национальный проект...

Семь раз отмерь…

Как известно, Казахстан намерен построить атомную электростанцию, об этом...

Смаилов поручил ТЭЦ провести внеплановые проверки

Премьер-министр Алихан Смаилов поручил провести внеплановые проверки тепловых электростанций, передает...

Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды

Премьер-министр Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды, -...