Экология және табиғи ресурстар министрі қазақстандықтарды табиғатқа шығып от жаққан кезде мұқият болуға шақырды

 Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев қазақстандықтарды қазіргі өрт қаупі жоғары кезеңде табиғатқы шығып от жаққан кезде аса сақ болуға шақырды.

🔘

 Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Ерлан Нысанбаев табиғаттағы өрттердің негізгі себебінің бірі адами фактор болып саналатынын атап өтті.

«Құрметті журналистер және еліміздің тұрғындары! Мен бүгінгі брифингті пайдаланып, сіздерге өрт қаупі жоғары кезең туралы өтініш айтқым келеді. Айтайын дегенім, өткен жыл өте ылғалды болды, далада және ормандарда былтырдан қалған өте биік шөптер бар, бұл биыл өртке қатысты мәселелерді тудыруы мүмкін. Бұл жерде сіздердің көмектеріңіз ауадай қажет, сондықтан мен өздеріңізге жүгініп, өртке, әсіресе далада от жаққанда аса қырағы болуларыңызды сұраймын. Егер сіз өртті көрсеңіз, жақын маңдағы арнайы мекемелерге хабарласыңыз немесе ТЖМ арнайы телефон нөміріне қоңырау шалыңыз»,

 — деп атап өтті Ерлан Нысанбаев.

🔻

 Сонымен қатар министр азаматтарды орман алқаптарында да сақ болуға шақырды.

«Сіздер орманда, табиғатта боласыздар. Сіздерден от жаққан кезде өте мұқият болуларыңызды сұраймын, өйткені өрттің көбі адам факторына байланысты туындайды»,

 — деді Ерлан Нысанбаев.

           Сот төрелігінің өзекті тақырыбы бойынша тарихқа үңілсек…

         «Қазақ даласындағы сот билігінің мұраты – сот процесіне қатысушылардың...

Ғылымдағы бірлік: ҚазҰУ түркі мемлекеттерімен әріптестікті нығайтпақ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне арнайы келген Өзбекстан, Моңғолия,...

Патриот, ученый, учитель

(к 99-летию со дня рождения академика Султана Сартаева)  15 октября...

Пуля и Геля спасают жизни 

25 ЛЕТ РУКОВОДИТЕЛЬ КИНОЛОГИЧЕСКОГО ОТДЕЛЕНИЯ ОПЕРАТИВНО-СПАСАТЕЛЬНОГО ОТРЯДА ДЕПАРТАМЕНТА ПО...

Эффект NPC: Как видеоигры меняют сознание убийц

В 2025 ГОДУ В ШКОЛЕ БАНДАРУТАМА (МАЛАЙЗИЯ) 15-ЛЕТНИЙ ПОДРОСТОК...