Екі мыңнан астам қару әлі де қылмыскерлердің қолында

Алматы резиденциясындағы бүліктен кейін 131 қару мен оқ-дәрілердің жетіспеушілігі анықталды

Қаңтар оқиғалары кезінде үш мыңнан астам қару ұрланды. Оның тек мыңға жуығы табылды. Бұл туралы Бас прокуратураның 1 қызмет бастығы орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Жалпы алғанда, 3 мыңнан астам қару ұрланған. Осының тек үштен бірі немесе 967 бірлігі ғана табылды. Ал 2 мыңнан астам, соның ішінде гранаталар, пулеметтер, мылтықтар, тапаншалар, гранатомет әлі де қылмыскерлердің қолында», — деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Атап айқанда, Алматы облысында полиция департаменті ғимаратынан 53 автомат, 367 тапанша, 1 гранатомет, сондай-ақ 23 мыңнан астам оқ-дәрі ұрланған. Жамбыл облысында 209 автомат, 134 тапанша, 11 гранатомет, 1 пулемет және 40 мыңға жуық патрон қолды болды.

Алматы резиденциясындағы бүліктен кейін 131 қару мен оқ-дәрілердің жетіспеушілігі анықталды. Соның ішінде 80 граната, 17 тапанша, 11 автомат, 21 гранатомет және снайпер мылтығы бар. Сондай-ақ 10 аңшылық дүкен тоналды. Ол жерден 1 629 мылтық ұрланды, деп толықтырды Қилымжанов.

AI-проекты: решение реальных задач

ВТОРОЙ ЭТАП ПРОГРАММЫ AI-SANA – ОДНОЙ ИЗ КЛЮЧЕВЫХ ИНИЦИАТИВ,...

Когда пенсионные накопления под угрозой 

Согласно статистике Агентства по финансовому мониторингу, в 2025-2026 годах...

Строительный кодекс: семь решений законодателя

1 ИЮЛЯ 2026 ГОДА СТРОИТЕЛЬНОЕ ПРАВО КАЗАХСТАНА ФАКТИЧЕСКИ ВСТУПИЛО...

Уроки духовности

ДУХОВНОМУ И ПАТРИОТИЧЕСКОМУ ВОСПИТАНИЮ КУРСАНТОВ В АЛМАТИНСКОЙ АКАДЕМИИ МВД...

Акцент – на профилактику

О НЕОБХОДИМОСТИ СИСТЕМНОЙ И НЕПРЕРЫВНОЙ РАБОТЫ ПО РЕШЕНИЮ ПРОБЛЕМ...