12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Екі айлық дайындықтан кейін жауынгерлік қызметке түсті

Абай облысында қатаң режимдегі колонияның қарулы күзетін жүзеге асыратын 1-2022 шақырылымдағы алғашқы жауынгерлік қызметке аттанған сарбаздарын қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлері салтанатты түрде құттықтады.

Семей қаласында Ұлттық ұланның №5511 әскери бөлімінің №1 және №2 атқыштар роталарының ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/14,15 түзеу мекемелерінің күзетін жүзеге асыру үшін, алғашқы жауынгерлік қызметке түскен сарбаздарының құрметіне салтанатты шара өтті. Іс-шараға аталған мекемелердің қызметкерлері қатысып, оларды құттықтап, тілектер жазылған жадынамалар мен сыйлықтар табыс етті. Мереке қонақтары ІӘ мен ҚАЖ ардагерлері жастарды құттықтап, алдарындағы қызметтеріне сәттілік тіледі. Мерекелік іс-шараның соңында әскери қызметшілер әскери техникамен алғашқы жауынгерлік қызметтерін өтеу орындарына өздеріне бекітілген жеке қаруларымен толықтай экипировкамен аттанды.

«Алғашқы жауынгерлік қызмет күні әрбір адамның есінде мәңгілік қалады. Бүгін алғашқы Бүгін алғаш жауынгерлік қызметке түскен әрбір әскери қызметші қызметтік міндеттерін атқара жүріп, сотталғандар тарапынан заңға қайшы келетін қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жолын кесіп, сол әрекетімен қала тұрғындарының тыныштығын қорғайды», — дейді ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/14 мекемесі бастығының орынбасары Айдын Қалелов.

Сот органдарынан шығатын құжаттарға апостиль қою тәртібі

Қазіргі жаһандану дәуірінде адамдардың шетелге шығуы, халықаралық деңгейде білім...

Құқықтық мәдениеті дамыту қажет

Жаңа Қазақстанды дамытуда заңгерлердің атқаратын қызметі  зор. Осы орайда...

Экологиялық қылмыстар бойынша сот тәжірибесі

Экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар Қылмыстық кодекстің 13-тарауымен бекітілген. Онда...

Система хочет купировать риски

Политолог, глава «Политической экспертной группы» Константин Калачев – об обновлении политической системы...