eGov жаңа қызметін іске қосты: Жақындарыңыз ауруханаға түскеніңізді бірден біледі 

Ауруханаға шұғыл түскен жағдайда жақындарыңызға SMS арқылы хабар беретін жаңа сервис іске қосылды. 

Егер адам жол апатына түсіп, кенеттен ауырып қалып немесе басқа да себеппен ауруханаға түссе, жақындары бұл туралы бірден біле алады. Ол үшін жүйеде алдын ала таңдалған жақын адамына автоматты түрде хабарлама барады. Бұл әсіресе адам өздігінен хабарласа алмайтын жағдайда өте қолайлы. Осы мақсатта eGov порталында «Емдеуге жатқызылған жағдайда хабарлау үшін сенім білдірілген байланыстарды тіркеу» қызметі іске қосылды.

 Жаңа қызмет арқылы азаматтар шұғыл жағдайда хабар ошар жіберілетін үш сенім білдірілген адамға дейін белгілей алады. Көрсетілетін байланыстағы тұлға 18 жастан асқан және Мобильдік азаматтар базасында тіркелуі шарт.

Бұл жоба Денсаулық сақтау министрлігі мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бірлескен жұмысы аясында жүзеге асырылды.

Сервисті eGov.kz порталы арқылықосуға болады. Порталда авторизациядан өтіп, «емдеуге жатқызылған жағдайда хабарлау үшін сенім білдірілген байланыстарды тіркеу» қызметін таңдайсыз. Сенім білдірілген адамның ЖСН-ын енгізесіз.

Пайдаланушы дербес деректерді өңдеуге келісім берген соң, көрсетілген адамға SMS-хабарлама келеді. Растау үшін жауап ретінде 911 кодын, ал бас тарту үшін 912 кодын жіберу қажет. Шешім қабылдауға 5 сағатқа дейін уақыт беріледі.

Сенім білдірілген байланыс тіркеуді растағаннан кейін мәліметтер Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесіне жіберіледі. Өтінішті өңдеу 10 минутқа дейін уақыт алады. Тіркеудің мәртебесін eGov.kz-тегі «Жеке кабинетте» немесе eGov Mobile-дағы «Хабарламалар – Жеке кабинет тарихы» бөлімінен көруге болады.

Қазақстанда ішкі туризм жеті жылда екі есе өсті – Туризм министрлігі 

Қазақстанда соңғы жеті жылда ішкі туристер саны 8,5 миллионға жетіп, мемлекеттік бюджетке 630 миллиард теңге табыс әкелді.

Елімізде тұмауға қарсы вакцинация басталды. Кімдерге тегін салады?

Вакцинация ең алдымен тұмауды жұқтыру немесе аурудың асқыну қаупі жоғары азаматтарды қамтиды. Екпе медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тегін жасалады.

Жер сілкінісі, су тасқыны мен өрттен баспананы сақтандыру: Тұрғын үй иелері нені білуі керек? 

Жер сілкінісі, су тасқыны немесе өрт сияқты төтенше жағдайлар тұрғын үйге орасан шығын келтіруі мүмкін. Мұндай тәуекелдерден қорғанудың бір жолы – баспананы сақтандыру.

Қазан айында ауа райы қандай болады? – Синоптиктер болжамы 

«Қазгидромет» болжамы бойынша, елдің басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы климаттық нормадан 1-2 °C жоғары болады.

Алматыда көмір жағуға тыйым салынады: жаңа ереже қашан күшіне енеді?

Алматыда газ берілген аумақтардағы жеке үйлер мен моншаларда көмір, ағаш және басқа да қатты әрі сұйық отынды пайдалануға шектеу енгізіледі. Жаңа талап 2026 жылғы 30 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.