Елімізде тұмауға қарсы вакцинация басталды. Кімдерге тегін салады?

15 қыркүйектен бастап Қазақстанда тұмауға қарсы вакцинация басталды. Екпе 2026–2027 жылдардағы күзгі-қысқы эпидемиялық маусымға дайындық аясында жүргізіледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Вакцинация ең алдымен тұмауды жұқтыру немесе аурудың асқыну қаупі жоғары азаматтарды қамтиды. Екпе медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тегін жасалады.

Кімдерге тұмауға қарсы вакцина тегін салынады?

Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша, тегін вакцинациялауға:

  • медицина қызметкерлері;
  • созылмалы ауруларға байланысты диспансерлік есепте тұрған адамдар;
  • жас балалар;
  • оқушылар;
  • жүкті әйелдер;
  • егде жастағы адамдар;
  • жабық типтегі мекемелерде тұратын азаматтар;
  • арнаулы әлеуметтік қызметтер мекемелеріндегі адамдар жатады.

Вакцинация ақпараттандырылған келісім алынғаннан кейін жүргізіледі. Сонымен қатар эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша инфекция жұқтыру қаупі жоғары адамдарға да екпе салынуы мүмкін.

Вакцинаны қайдан алуға болады?

Астана тұрғындары тұмауға қарсы екпені тіркелген жері бойынша емханадан ала алады. Вакцинаның бар-жоғын, вакцинацияға жазылу және екпе алу тәртібін медициналық ұйымнан нақтылау қажет.

Тәуекел тобына кірмейтін азаматтар да тұмауға қарсы вакцинациядан өте алады. Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, бұл жағдайда екпе ақылы негізде жасалады.

Вакцина салынатын орындар мен препараттың бар-жоғын тіркелген емханадан немесе өңірлік денсаулық сақтау басқармасынан білуге болады.

Елордалық емханаларда ЖРВИ белгілері бар науқастарға арналған сүзгі-кабинеттер мен жедел жәрдем кабинеттері жұмыс істейді. Олар жұмыс күндері 08:00-ден 20:00-ге дейін, ал демалыс және мереке күндері 08:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында үйге барып қызмет көрсететін мобильді бригадалар да жұмыс істейді. Жүкті әйелдерге, сонымен қатар ЖРВИ немесе тұмау белгілері бар және асқыну қаупі жоғары бір жасқа дейінгі балаларға ерекше назар аударылады.

Ауруханаларда да науқастар санының ықтимал өсуіне дайындық жүргізілуде. Қосымша инфекциялық төсек-орындар әзірленіп, дәрі-дәрмек қоры қалыптастырылған. Төсек қорының жүктемесі тұрақты бақылауда болады.

Тұмаудың алғашқы белгілері байқалса

Дене қызуының көтерілуі, жөтел, тамақтың ауыруы, мұрыннан су ағуы немесе әлсіздік байқалса, тұрғылықты жердегі емханаға немесе сүзгі-кабинетіне жүгіну ұсынылады.

Мамандар қолды жиі жуып, үй-жайларды желдетуге және маусымдық аурулар көбейген кезде адам көп жиналатын орындарға баруды шектеуге кеңес береді.

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.

Еңбек ардагерлері, жұмысшы кәсіп, ғылым мен денсаулық сақтау өкілдері – Президент мемлекеттік наградаларды беру туралы Жарлыққа қол қойды 

Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Республика күніне орай Алматыда қандай шаралар өтеді? 

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін білдіретін ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.