Егер сіз «Алтын» алқа», «Күміс алқа» , «Батыр ана», «Ана даңқы» атағын алған аналар қатарынан болсаңыз…

Егер сіз «Алтын» алқа», «Күміс алқа» , «Батыр ана», «Ана даңқы» атағын алған аналар қатарынан болсаңыз, сіз ХҚО арқылы мемлекеттік жәрдемақыға өтініш бере аласыз. Біз бүгінгі #oqy&toqy айдарында аталмыш қызметке өтініш беру жолдарын айтатын боламыз.
?ХҚО арқылы:
?Ең алдымен өз қалаңыздағы кез-келген ХҚО-ға кезекті онлайн брондап баруды ұсынамыз;
?Бронды растау үшін белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте барыңыз;
?ХҚО операторына келесі құжаттарды тапсыру арқылы жәрдемақыға өтініш бере аласыз:
?Жеке куәлік;
?Дәрежеңізді растайтын құжат, яғни кітапша;
?Банктік есепшот жайлы анықтама;

?SMS хат арқылы:
Егер сіз мобильді азаматтар базасында тіркелген болсаңыз, «Алтын» немесе «Күміс» алқа табысталғаннан кейін, жәрдемақыға проактивті түрде өтініш білдіруге SMS хат келіп түседі.
Хабарламаға оң жауап беріп, банк шотын жазып жіберсеңіз, ХҚО-ға бармай-ақ қоюға болады.
☝️Мобильді азаматтар базасына тіркелмеген аналарға SMS-хат келмейді.

?Жәрдемақы мөлшері барлық дәрежелер үшін – 6,4 АЕК (17 779,2 тг).

⏰Қызмет көрсету уақыты құжат тапсырған күнді есепке алмағанда — 7 жұмыс күні.

☝️Есіңізде болсын!
✔️Жәрдемақы өтініш берілген күннен бастап төленеді. Егер өтінішті дәреже алған кезден кешіктіріп өткізсеңіз, қайта есептеу жүргізілмейді.
✔️ «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» дәрежелері жергілікті әкімдікпен тағайындалады.

 Родом из бүркітші

ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ ДЛЯ КАЖДОГО ИЗ НАС АССОЦИИРУЕТСЯ С ПРАЗДНИКОМ,...

Территория новых увлечений и побед 

Два новых государственных комплекса TANYM ART и TANYM SPORT...

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...

Интеллектуальная собственность и ее защита 

Вопросы регулирования в сфере интеллектуальной собственности: как решать их,...