12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ЕГЕМЕНДІК ЖОЛЫНДАҒЫ ЕСТІ ҚАДАМ

2025 жыл – Қазақстан үшін тарихи жады мен мемлекеттік маңызға толы кезең. Тамыз айының соңында Ата Заңымыздың қабылданғанына 30 жыл толғаны кеңінен аталып өтілді, ал қазан айында еліміз тәуелсіздікке апарар жолдың бастауы болған – Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясының қабылданғанына 35 жыл толады. Дәл осы Декларация ұлттық заңнаманың басымдығын алғаш рет жариялаған тарихи құжат ретінде Қазақстанның құқықтық дербестігінің бастау нүктесіне айналды. Бүгінде ол тек саяси мәлімдеме ғана емес, егемен мемлекеттіліктің құқықтық негізі, отандық конституционализмнің жаңа сатыға аяқ басуының символы ретінде қабылданады.

Декларация социалистік құрылымнан құқықтық мемлекетке көшу жолындағы саяси бағдарламаға айналды. Кеңес Одағы күйрегенде бұл құжат Қазақстанның тәуелсіздігін заң жүзінде рәсімдеуге мүмкіндік берді және оның халықаралық-құқықтық легитимділігін қамтамасыз етті. Декларация Қазақстанның конституциялық дамуының негізін қалаған алғашқы акт болды, оның саяси және құқықтық ұстанымдары 1993 және 1995 жылдары қабылданған Конституцияларда өз жалғасын тапты. Билікті бөлу жүйесінің қалыптасуы, заң үстемдігі тұжырымдамасы, жеке тұлғаның құқықтық қорғалу кепілдігі – алғаш рет Декларацияда тұжырымдалды.

Бұл тарихи құжаттың дайындалу және қабылдану үдерісінде академик, көрнекті заңгер Сұлтан Сартаевтың есімі ерекше құрметпен аталуға тиіс. Ол Жоғарғы Кеңестің депутаты қызметінде Декларация мәтінін әзірлеуге белсенді қатысып, әр тармағын терең ой елегінен өткізіп, ішкі жан дүниесімен қабылдаған тұлға болды. С.Сартаевтың көрегендігі – егемендікті тек саяси таңдау ретінде емес, ең алдымен құқықтық жауапкершілік ретінде ұғынғанында. Ол мемлекеттілікті жариялаумен қатар, соған сай құқықтық жүйе де түзілуі керек екенін ескертті. Сондықтан да оның кейіннен тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясын дайындаудағы жетекші рөлі, қазақстандық парламентаризм мектебінің негізін қалаудағы үлесі кездейсоқ емес. Оның мұрасы – бүгінгі құқықтық мемлекетіміздің іргетасына айналған алтын қор.

Бүгін С.Сартаевты еске ала отырып, біз тек бір дәуірдің өкілі туралы ғана емес, сол дәуірді қалыптастырған біртуар тұлға жөнінде айтып отырмыз. Оның құқықтық мемлекеттілікті қалыптастыруға қосқан үлесін жекелеген құжаттармен шектеу мүмкін емес. Сартаев есімі – қазақстандық құқық философиясының негізінде тұр, ол мемлекеттік билікті халық пен заң алдындағы жауапкершілік ретінде ұғынған тұтас буын заңгерлердің тәлімгері болды.

Сұлтан Сартайұлы жылдар бойы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қабырғасында жұмыс істеп, болашақ заңгерлерді тәрбиеледі, құқық ғылымының негізін сіңірді. Осы рухани дәстүр бүгінде жалғасын тауып отыр. Қазан айында жыл сайын «Сартаев оқулары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізу дәстүрге айналды. Бұл конференция қазақстандық конституциялық құқық, парламенттік мәдениет, құқықтық мемлекет пен адам құқықтары мәселелеріне арналған ғылыми пікірталас алаңы. Сонымен қатар, бұл – ұлы ұстаздың рухына тағзым, оның құқықтық мұрасын жаңғырту мен келешекке жеткізу жолындағы нақты қадам. С.Сартаевтың көзқарасы, саяси-құқықтық ерік-жігері, заң алдындағы адалдығы бүгінгі ұрпаққа өнеге.

Ж.Кегембаева,

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,

конституциялық және әкімшілік құқық

кафедрасының профессоры

Өмірі – өнеге

Сұлтан Сартайұлы 1927 жылы 15 қазанда Қызылорда облысы, Жаңақорған...

Егемен елдің еңсесі биік

"25 қазан еліміз үшін, тәуелсіздігіміз үшін – маңызды күн....

Қазақстандық құқықтану мектебінің патриархы

«Тәуелсіздік – ұран емес, нақты нормалар мен рәсімдер жүйесі» Әл-Фараби...

Тіл – болашағы, ұлт болашағы

Тіл – ұлттың жаны, халықтың  асыл бейнесі, намысы, тыныс...

Тарих және тұлға Шоқан– қазақтың тұңғыш заңтанушы реформаторы

         Шоқан – патшалық Ресей мемлекетінің қол астында қызмет еткенімен, өзінің...