spot_img
spot_img

Егемен елдің еңсесі биік

«25 қазан еліміз үшін, тәуелсіздігіміз үшін – маңызды күн. Біз 25 қазанды асыға күттік.   1991 жылы тәуелсіздік заңы қабылданды. Бүгінгі күні президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл мерекелік күнді қайта жаңғыртып, ерекше мәртебе беруі — өте құптарлық қадам.    Республика күні жай күн емес, яғни Қазақстан Тәуелсіздік алуына жол салған ерекше күн. Осы күнде жүрегі қазақ деп соғатын әрбір Қазақстан азаматының кеудесін мақтаныш кернеп, еліне деген сүйіспеншілігі жүзінен байқалады. Бұл күнді мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастағанымен орны ойсырап, білініп тұратын еді, себебі тарихи маңызы ерекше. Республика күнінің тағы бір ерекшелігіне дәлел, бұл мейрам − ұлттық мереке. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Жарлығында ұлттық мерекеге тек Республика күні жататыны айтылған. Басқа іс-шаралар мемлекеттік мерекеге кіреді. Еліміздің тарихына үңілсек, Республика күні мемлекеттік мереке болып алғаш рет 1995 жылы қазанда жарияланған. 1990 жылы осы күні Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған.

 Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын. Осы құжатты қабылдаған кезде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев аса маңызды, тіпті шешуші рөл атқарды. Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек. Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ, тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек. Нәтижесінде, ҚР Парламенті «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға өзгерістер енгізді. Республика күні 25-ші қазан болып қайта тіркеліп, ел мәртебесі еңсесін көтеруде.»

С.С. Қатшабай, Ұлытау облысының кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының аға сот жасауылы

                                                        

Конституция қоғамның ортақ құндылықтары мен жауапкершілігін айқындайды – Аида Балаева

Бүгінде Мемлекет басшысының ел дамуының стратегиялық бағдарына негізделген саяси...

Әділ еңбек, қауіпсіз жұмыс, лайықты жалақы: Максим Рожин жаңа Конституцияның маңызды тұсын атады

Жаңа Конституцияның нормалары өндіріс орындарындағы адамдар үшін нақты, өмірлік...

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Мәжіліс депутаты, «Ұлттық...

Қазақстан азаматтары қос немесе көп азаматтық ала алмайды: жаңа Конституцияның жобасына нақтылау енгізілді

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын...