12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Еділ Жаңбыршин:»ЛГБТ-нің елімізге қажетсіз әрі жат құбылыс»

Құрметті Төраға!

ЛГБТ-ны насихаттауды тиым салу бойынша норманың авторы ретінде, процедура бойынша сөз сұраймын!

Қадірлі әріптестер!

Бұл мәселенің қызу талқыланып жатқанына бес жылдың жүзі болды. Дәл осы мінберден өзім де, әріптестерім де бірнеше рет депутаттық сауал жолдап, мәселені бүге-шігесіне дейін талқыладық.

Бұл қасиетсіз топ қасиетті киіз үйімізде тайраңдап, ұлттық құндылықтарымызды аяққа таптады. Ұлттық фольклорымызда гомосексуализм бар деп, тұтас халыққа жала жапты. Бұл бір.

Екінші. Тіпті мектептерге барып, ашық әрі заңсыз пропоганда жүргізді.

Үшінші. Одан қалса, Еділ Жаңбыршин, Асхат Аймағамбетов, Жанарбек Әшімжан, Ардақ Назаров, Елнұр Бейсенбаев пен Самат Мұсабаевқа ақпараттық шабуыл жасады. Біздің жеке басымызға өтіп, келемеждеді.

Сол үшін арнайы контент әзірленіп, таратылды. Бұл барып тұрған бассыздық, заң шығарушы органның өкілдеріне қысым жасау, адам құқығын таптау.

Төртінші. Ең сорақысы, олар әлеуметтік желілер арқылы жыныс мүшелерін, сексуалдық қарым-қатынастарын ашық жариялап қана қоймай, қоғамды азғындыққа үндеп, кең ауқымда насихаттау жұмысын жүргізіп жатыр.

Бесінші. Бүгінге дейін ұлттық құндылықтарды жоюға бағытталған әсірефеминистік, ЛГБТ қауымдастығы арнайы, жоспарлы түрде шетелден миллиондаған доллармен қаржыландырылуда.

Бұл мен келтірген бірнеше ғана мысал.

Әрине, бұған қарсы қоғам үнсіз қалған жоқ. Былтыр қоғам белсенділері E-petition.kz мемлекеттік платформасында ЛГБТ насихатына қарсы петиция жариялап, ол аз уақыт ішінде заңды түрде 50 мың қол жиналды.

Бұл – ЛГБТ-нің елімізге қажетсіз әрі жат құбылыс екендігінің, оған халықтың ашық қарсылығының анық көрінісі. Осы бойынша арнайы зерттеу ұйымдастырылып, оның нәтижесінде ЛГБТ пропогандасы жас өрендеріміздің психикасына тікелей теріс әсер ететіні, олардың танымын сындыратын қауіпті үрдіс екені анықталды.

Бұған қоса, халықаралық балалар құқығына қатысты стандарттар да осыған ұқсас талаптарды қамтиды. БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясында мемлекеттерге баланың рухани, психикалық және физикалық жағдайына зиян келтіретін ақпарат пен материалдардан қорғау жөнінде нақты шаралар қабылдау міндеті жүктелген.

Сондай-ақ, 2022 жылы Қазақстан Женева декларациясына қосылып, онда әрбір дербес мемлекет өздерінің негізгі құндылықтарын, дәстүрлі отбасы институтын сақтау бойынша ұлттық саясатын жүргізуге құқылы екені айтылған. Бұл Декларацияны АҚШ-тың өзі қабылдаған. Ең бастысы, Трамп осы декларацияны арқау етіп, бір жынысты некелерге шектеу қойып, енді Америкада тек әйел және ер жынысы болатынын мәлімдеді. Арнайы Жарлық шығарды. Осыған байланысты бірнеше халықаралық ұйым Американың жоғарғы сотына шағымданды.

Дегенмен, олардың ұсыныстары қабылданбай, Жоғарғы сот Трамптың шешімін дұрыс деп есептеді. 

Осылайша, біз түгілі Американың өзі ЛГБТ, трансгендер, бір жынысты неке сияқты теріс бағыттарды қоғамға жат деп таныды.

Менің қолымда осы құжаттар бар.

Сондықтан біздің ЛГБТ-ны насихаттауды заңмен шектеу бойынша қабылдап жатқан нормаларымыз кейбір халықаралық ұйымдар мен белсенділер айтып жүргендей ешқандай адам құқығын шектеуге бағытталмаған. Керісінше, бұл нормалар дәстүрлі отбасылық институтты бұзудан және балалар мен жасөспірімдерді деструктивті идеологиялардан  қорғап, ұлттық қауіпсіздігімізді сақтауға, халқымыздың рухани иммунитетін нығайтуға септігін тигізеді. 

Дербес мемлекеттің ішкі ісіне араласуға, ең бастысы оның ұлттық заңдарына қысым көрсетуге ешқандай ұйымның құқығы жоқ.

Ең бастысы, бұл нормалар ұлттың мүддесін қорғауға бағытталған.

Қазақстандықтардың басым бөлігі бүйрекке мұқтаж

Бүгінде елімізде 4 мыңнан астам адам ағза трансплантациясына мұқтаж,...

Қызметкерлер арасында діни ағарту, сондай-ақ лудоманияның алдын алу мәселелері бойынша семинар өткізілді

Ағымдағы жылдың 11 қарашасында Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің...

Имидж формирующие характеристики современного педагога

    Профессия педагога - одна из древнейших и...

Адвокат с большим сердцем

В жизни любого общества, в том числе и казахстанского,...

Технологии меняют жизнь 

Современные информационные технологии прочно вошли во все сферы нашей...