ЭЦҚ халықты шаршатқанын мойындаймын — Мусин

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин электрондық цифрлық қолтаңбаның қолайсыз екенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Шындығында, ЭЦҚ бәрімізді шаршатқанын мойындаймын. Оны бір жерге барып алу керек, арнайы қосымшаларды орнату керек, тағы басқасы… Бұл Цифрлық даму министрі ретінде маған ұнамайды. Сондықтан, осында отырған адамдардың арқасында QR кеңінен қолданыла бастады. EGov Mobile-ды ашып, жай QR қолтаңбасы арқылы QR кодты көрсетіп, қол қоюға болады. ЭЦҚ-ны сақтаудың, флэш-дискке, компьютерге жазып алудың қажеті жоқ. eGov Mobile клиенті болған кезде, біз бәрін автоматты түрде шештік», — деді министр.

Бұл ретте ол қазақстандықтардың электронды кілттері қауіпсіздікте сақталатынын және адамдар QR арқылы электронды құжаттарға қол қоя алатынын атап өтті.

«Электронды қолтаңбаны шынын айтқанда, адамдар әлі де түсінбейді. Қанша қол қою керек, тағы қаншасын шығару керек, қанша рет халыққа қызмет көрсету орталықтарына бару керек, сондықтан QR қолтаңбасын қолдану бірден өз әсерін береді, сонымен қатар ол жаңадан бастаған кәсіпкерлерге де, өнеркәсіп және технологиялық платформалар үшін де пайдасын тигізеді. Өйткені адамнан ЭЦҚ талап етілмейді, оның қалай және қай жерде берілгеніне көз жеткізудің қажеті болмайды», — деп түйіндеді сөзін министр.

БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕР ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Болашақ мұғалім үшін біліммен қатар кәсіби ортада өзін еркін...

КАЗАХСТАН И ООН ПОДВЕЛИ ИТОГИ

В СТОЛИЦЕ СОСТОЯЛОСЬ ЗАСЕДАНИЕ РУКОВОДЯЩЕГО КОМИТЕТА РАМОЧНОЙ ПРОГРАММЫ СОТРУДНИЧЕСТВА...

СТАТУС ПЕДАГОГА ПОВЫШАЕТСЯ

КАЗАХСТАН ВОШЕЛ В ПЯТЕРКУ СТРАН МИРА ПО УРОВНЮ УДОВЛЕТВОРЕННОСТИ...

Жаңа Конституция жобасы және азаматтардың заңнамалық процеске қатысуы

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен...

Важная поддержка

СЕГОДНЯ ДЕЙСТВУЮЩИЕ ПРЕДПРИНИМАТЕЛИ И ЖИТЕЛИ, ЖЕЛАЮЩИЕ ОТКРЫТЬ СВОЕ ДЕЛО,...