Эбола эпидемиясының басталғаны хабарланды

Гвинеяның Денсаулық сақтау министрлігі елдің оңтүстік-батысындағы Гуэк субпрефектурасында Эбола эпидемиясының басталғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды РИА Новости.

Билік мәліметінше, елде Эболадан төрт адам қайтыс болғаннан кейін шаралар қабылданған.

«Осы жағдайды ескере отырып және Халықаралық денсаулық сақтау ережелеріне сәйкес, Гвинея үкіметі Гуэк субпрефектурасында, Нзерекор префектурасында Эбола вирусының эпидемиясы туралы хабарлайды», — делінген ел премьер-министрінің Twitter-дегі мәлімдемесінде.

Билік эбола ауруына күдік туғызған барлық адамды оқшаулауға, Эболаға төтеп беру жөніндегі үйлестіру және техникалық комиссияның жұмысын жандандыруға, Гуэкте науқастармен жұмыс істейтін орталық ашуға, сондай-ақ ДДҰ арқылы вакциналарды сатып алуды тездетуге кеңес берді.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...