12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Е-SALYQ BUSINESS» МОБИЛЬДІК ҚОСЫМШАСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ ЗОР

Мемлекеттік қызметтердің сапасын көтеру, жеделдігін арттыру, халыққа барынша ыңғайлы ету бағытында көптеген жаңашылдықтар тәжірибеге енгізіліп жатыр. Соның бірі – «Е-Salyq Business» мобильдік қосымшасы. Бұл игі бастаманың тұтынушыларға берері мол.

Мобильді қосымшаны пайдалану тетігі жеңіл. Оны App Store, Play Market және App Gallery арқылы тегін жүктеп алған соң, онлайн режимінде салық органына қатысты көптеген мемлекеттік қызметті оңай әрі жедел алуға болады. Тұтынушылар салықтың есеп-қисабын, кіріс пен салықтың есебін автоматты түрде еш қиындықсыз толтыра алды.

Бұл қосымшаның ел игілігіне қызмет етіп келе жатқанына үш жылдан асты. Жаңашылдықты қоғам салық міндеттемелерін орындауды жеңілдетуге арналған лайықты цифрлық шешім деп бағалап та үлгерді. Шын мәнінде, қосымша жеке кәсіпкерлерге, соның ішінде жаңадан тіркелген кәсіпкерлерге өте ыңғайлы.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органы әзірлеген электрондық қосымшаны қолданатындар саны жыл өткен сайын көбеюде. 2022 жылдан бастап жұмыс істеген «Е-Salyq Business» мобильді қосымшасын пайдаланушылар саны 2024 жылғы есеп бойынша 312,5 мыңға жеткен. Осының өзі бұл бастаманың халық көңілінен шыққанын, тұтынушылардың жұмысын мейлінше жеңідеткенін көрсетеді.

«E-Salyq Виѕіпеѕѕ» мобильді қосымшасының ыңғайлылығы неде? Бұл сауалға жауап іздегенде бірнеше негізгі басымдықты атап өтуге болады. Айталық мобильді қосымша бірқатар салық рәсімдерін жасауды жеңілдетті. Соның арқасында бүгінде жеке кәсіпкер ретінде онлайн тіркелу тез әрі оңай. Мобильді қосымшаның чегін беру; жеке кәсіпкердің табыстарын есепке алу; салықтар мен әлеуметтік төлемдерді есептеу де барынша ыңғайлы. Сондай-ақ жалдамалы жұмыскерлердің және олардың табыстарының есебін жүргізу, оңайлатылған декларацияны тапсыру, оңайлатылған тәртіппен жеке кәсіпкерлікті жабу процесі де бүгінде өте тиімді.

Бұдан басқа, «E-Salyq Business» ыңғайлы сервистерді жүзеге асырады. Мобильді қосымша арқылы салық органының хабарламаларын алуға, салықтарды бір төлем құжатымен бірден бірнеше салықтар үшін төлеуге, қате немесе артық төленген салық сомаларын есепке жатқызу мен қайтаруды жүргізуге болады. Сондай-ақ, осы қосымшаның көмегімен жеке кәсіпкер ретінде тіркелу туралы, жеке кәсіпкердің кірістері туралы, қызметкерлердің кірістері туралы анықтамаларды жылдам алуға мүмкіндік бар. Бұл анықтамалардың барлығы талап еткен құзырлы орындарға ұсынуға арналған.

Қазіргі кезде «E-Salyq Business» мобильді қосымшасының жұмысын әрі қарай жетілдіру, көрсетілетін қызметтер санын көбейту бойынша іс-шаралар қолға алынуда. Мұндай бастамаларға өз кезегінде тұтынушылардың сын-ескертпесі мен тілегі, айтқан ұсыныстары түрткі болып келеді. Соған орай алдағы уақытта шаруа және фермер қожалықтары қосымшаны пайдалану үшін «E-Salyq Business» функцияларын кеңейту жоспарланған.

Ел көңілінен шығып отырған жобаларды мейлінше дамыту, мемлекеттік қызметтің сапасын көтеру халықтың құзырлы органдар қызметіне деген сенімін нығайтатын тетіктің бірі. Сондықтан халық пен мемлекеттік қызметті жақындататын жобалар алдағы уақытта да дами бермек.

Марал ИСАБЕКОВА, Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы

Абай тойының интеллектуалды шымылдығы – «Abai akademiasy»

Абай облысында Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік мерейтойлық шаралар...

Мойынқұмда табиғатты сүю – тәрбие бастауына айналды

Жасыл желекке оранған табиғат — адамзаттың алтын бесігі. Ал...

ПАТРИОТИЗМ – ҰЛТ ТІРЕГІ

Бүгінгі қоғамда патриотизм ұғымы түрлі мағынада қолданылып жүр. Бірі...

Жетісуда атақты қобызшы Молықбай Байсақұлына алып ескерткіш орнатылмақ

Ақсуда атақты қобызшы Молықбай баба аруағына алып ескерткіш орнатылмақ....