«E-QYZMET.GOV.KZ» — МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ

Бұл жүйе үміткерлерді таңдау мен конкурс өткізу процесін толығымен онлайн жүргізуге арналған. Мақсаты — мемлекеттік қызметке кіруді әділ, ашық және ыңғайлы ету.

Жүйенің негізгі ерекшеліктері:

  • Онлайн тіркелу: үміткер eqyzmet.gov.kz порталында тіркеліп, бос орындарды қарай алады.
  • Құжаттарды автоматты тексеру: білім, тәжірибе, соттылық сияқты мәліметтер басқа мемлекеттік жүйелерден автоматты түрде алынады.
  • Онлайн тестілеу кез келген уақытта онлайн тапсырылады.
  • Әділдік пен ашықтық: адами факторды азайтады.
    🔹Артықшылықтары:
  • Құжаттарды жинау үшін ұзақ кезекте тұрмайсыз.
  • Конкурсқа қатысу мүмкіндігі артты, бәсекелестік ашық.
  • Автоматтандырылған жүйе арқылы объективті іріктеу жүзеге асады.
    🔹Жүйе 2023–2024 жылдары сынақтан өтті, 2025 жылы көптеген мемлекеттік органдарда енгізілді, ал 2026 жылдан бастап барлық мемлекеттік қызметшілерді іріктеу тек онлайн жүргізіледі.
    🔹 «E-QYZMET.GOV.KZ» мемлекеттік қызметке кіруді цифрландыру арқылы жеңілдетіп, ашық және әділ жүйе құруға бағытталған.

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...

Мемлекеттік тіл және құқықтық мемлекет қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды...

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы...

Сотқа деген сенімді арттыру тетіктері

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен оған деген қоғамдық...

Этика судей

Особенность этики судьи в том, что она обязательна к...