12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Еңбек дауының алдын алған тиімді

Қоғам болған соң онда дау-дамайдың, келіспеушіліктің орын алуы қалыпты жағдай. Алайда, осы келіспеушіліктердің ішінде еңбек дауларының маңызыда, өзектілігі де зор. Өйткені, еңбегі еленбеген, жұмысы дұрыс бағаланбаған, еңбек келісімшартындағы міндеттемелер джүйелі орындалмаған кезде азаматтардың жұмыс берушіге ғана емес, бүкіл мемлекетке деген өкпе-реніші қалыптасады. Сондықтан еңбек дауы туралы айтқанда бір адамның ғана құқығы бұзылмайтынын ескеруіміз керек. Себебі, құқығы тапталған бір жұмысшының артында оның отбасы, жақындары тұратынын үнемі ескергеніміз жөн.

Еңбек дауының туындауына көбінесе азаматтардың құқықтық сауатсыздығы мен бейқамдығы, кейбір кездерде шарасыздығы ықпал етіп жатады. Олай дейтініміз, кейбір азаматтар әлі күнге дейін жұмысқа тұрарда еңбек келісімшартын жасау керектігін білмейді. Өзі білмеген соң, оны жұмыс берушілерден талап та етпейді. Ал кейіннен өндіріс барысында жарақат алса, тосын жағдайға тап болса, айлығы белірмей, заңсыз қысқартылса өз құқығын қорғай алмай, өзіне тиесілі қаржыға қол жеткізе алмай қалады. Мұндай азаматтар ортамызда аз емес.

Сондай-ақ, өз құқығына жіті мән бермейтін, құжатқа селқос қарайтын жандардың да еңбек дауымен бетпе-бет келетін кезі көп. Бұған қоса, соңғы жылдары шарасыздықтан, мәжбүрліктен құқығы тапталатындардың кездесетінін қосқанымыз дұрыс. Әсіресе, құжатын жоғалтқан, арнайы мамандығы жоқ азаматтар екі қолға бір күрес табылғанына қуанады. Жұмысқа әрең тұрғандықтан олар жұмыс берушіден ешбір құжат, еңбек келісімшартын талап етпейді. Сәйкесінше, кейін өзінің бұл жерде жұмыс істегенін дәлелдеу де қиынға соғады.

Осындай келеңсіздіктердің алдын алу үшін Алматы қаласы Медеу аудандық сотында еңбек қауіпсіздігіне жауапты органдармен бірігіп көптеген жиын, басқосулар ұйымдастырылып тұрады. Сонымен қатар, сот судьялары еңбек келісімшартын жасаудың маңызы, жұмысшысының өз құқығын қорғау әлеппесін үнемі түсіндіріп, бұқаралық ақпарат құралдарында үзбей мақала жариялап келеді. Әлеуметтік желілерді мінбер етіп азаматтар қойған сауалдарға заң тұрғысынан жауап беруді де жолға қойдық. Осының нәтижесінде бүгінде еңбек дауларының зая бастағаны аңғарылады.

Г.Қасымбаева,

Алматы қаласы

Медеу аудандық сотының судьясы

Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...