spot_img
spot_img

“ЕҢ БАЙ ӘКЕ” ОҚЫРМАНМЕН ҚАУЫШТЫ

«Ең бай әке» кітабы оқырманға жол тартты
Нұр-Сұлтанда белгілі қаламгер, ҚР Парламенті Мәжілісі бірінші шақырылымының депутаты, тұңғыш қазақ тілінде жазылған «Халықтың көші-қоны туралы» заңының авторы Әкім Ысқақтың 60 жылдық мерейтойына арналған «Ең бай әке» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Жинақты жазушының бір топ шәкірттері шығарған. Оған Ә.Ысқақтың Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі оқырмандарынан келген хаттар, естеліктер, жас ақындардың арнау өлеңдері енгізілген. Сондай-ақ Өмірбек Байгелді, Марат Оспанов, Фариза Оңғарсынова, Әкім Тарази, Қалихан Ысқақ, Мұхтар Шаханов, Ұлықбек Есдаулет, Көпен Әмірбек, Несіпбек Айтұлы, Мархабат Байғұт сынды қазақ зиялыларының жазушы туралы айтқан ой-пікірлері де бар.«Қайраткер Әкім Ысқақ 60 жасына дейінгі өмірін Адам іздеумен, шәкірт жинаумен, тілеулес табумен өткізді. Ғұмырындағы осынау миссиясы сәтті орындалып келе жатқанына жұрт куә. Қаламгердің мерейтойы қарсаңындағы шәкірттерінің тарту кітабында шәкірттерінің естеліктері мен тілектеріне, арнауларына басымдық берілді», – дейді «Ең бай әке» кітабының құрастырушысы Абай Сейфуллаұлы.
ҚР Кәсіподақтар Федерациясы ұйымдастырған жиында кітаптың тұсауын ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев, ҚР Парламентінің бірнеше шақырылым депутаты, ф.ғ.д. Уәлихан Қалижан, сатирик Көпен Әмірбек қиды. «Кітаптың атының «Ең бай әке» деп қойылуы өте ұтымды. Бұл Әкім Ысқақтың рухани бай екенін көрсетеді. Бір шетінен осындай кітаптың шығуы – Әкімнің және оның шәкірттерінің тындырымдылығының нәтижесі. Жақсы кітап», – деп баға берді К.Әмірбек.
ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков Ә.Ысқаққа латын қарпінде жасалған гербтің бір нұсқасын тарту етті. Сонымен бірге жиынға ҚР Парламенті Сенаты аппараты басшысының орынбасары, ақын Асқар Өртембаев, «Ақжол» партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса, журналист Бекен Қайрат және тағы басқа қоғам қайраткерлері қатысып, сөз сөйледі. Шәкірттері шығармаларынан үзінді оқып, әндерін орындады.

Залог процветания граждан

Уважаемые казахстанцы! Сердечно поздравляю вас с 30-летием Конституции Республики...

Опора свободы и единства 

НАКАНУНЕ ПРАЗДНОВАНИЯ ТРИДЦАТИЛЕТНЕГО ЮБИЛЕЯ ОСНОВНОГО ЗАКОНА НАШЕЙ СТРАНЫ КОРРЕСПОНДЕНТ...

На языке пластики

КОГДА В 2000 ГОДУ ПРИ АКМОЛИНСКОМ ОБЛАСТНОМ ЦЕНТРЕ НАРОДНОГО...

Там, где поет домбра… 

В Доме дружбы г. Кокшетау теперь будет еще больше...

Мурал в честь Абая

В честь 180-летия Абая Кунанбаева в г. Текели области...