12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа мемлекеттің аумағында заңды күші болуы үшін тиісті түрде куәландырылуға тиіс.

Бұл процедура мөртабан апостилін қою деп аталады.

Апостиль- бұл құжатқа қол қойған адамның қолының түпнұсқаулығын және оның өкілеттігін растауды, сондай –ақ құжат бекітілген мөрдің немесе мөртабанның түпнұсқаулығын куәландыратын арнайы мөртабан.

Апостиль уағдаласушы мемлекеттердің бірінің аумағында жасалған және екінші уағдаласушы мемлекеттің аумағында ұсынылуы тиіс ресми құжаттарға қойылады.

Казақстанда облыстардың, Астана, Алматы Шымкет қалаларының Әділет департаменттері нотариустардан шығатын ресми құжаттарға, өзге де мемлекеттік органдары мен нотариустарынан шығатын құжаттарға, азаматтық хал актілеріне апостиль қоюмен көрсетілетін қызмет беруші  болып табылады.

Бүгінгі таңда азаматтарға ыңғайлы болу үшін бірнеше жолмен өтініш бере алады:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалының (бұдан әрі ХҚКО) халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы.

2) Электрондық үкіметтің веб-порталы (бұдан әрі-ЭҮП) арқылы алуға болатын халыққа арналған мемлекеттік қызмет болып табылады www.eqov.kz.

2021 жылғы қаңтардан бастап «әділет органдары мен өзге де мемлекеттік органдардан, азаматтық хал актілерін  және өзге де мемлекеттік органдарынан сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметі автоматтандырылды.

           Көрсетілетін қызметті  алушылар  электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық өтінішті беруі және электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы көрсетіледі, яғни PDF файлында қоса берілген сканерленген құжаттары бар электрондық өтініш, сондай-ақ мемлекеттік баж Е-Апостиль сервистік бағдарламалық өнім жүйесінде тіркеледі. Келіп түскен құжаттарды қабылдау, өңдеу, тексеру және дайын құжаттарды беру нәтижені ЭҮП өтініш берушінің «Жеке кабинетіне» жібере отырып, уәкілетті органның қызметкері онлайн режимінде жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін «салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әрбір апостиль қойылған құжат үшін айлық есептік көрсеткіштің 50% мөлшерінде мемлекеттік баж алынады. Бүгінгі таңда мемлекеттік баждың сомасы 1846 теңгені құрайды.

Қызмет көрсету мерзімі келесідей:

 — порталда-бір жұмыс күні;

— ХҚКО арқылы-екі жұмыс күні.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін Е-апостиль саласында мемлекеттік қызметін көрсету процесін жақсарту мақсатында, мемлекет рәсімді оңайлатуға және мерзімдерді қысқартуға бағытталған барлық шараларды қабылдайды.

Диана Жахина,

Ақмола облысы Әділет департаментінің

коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу

және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы

Медиация әділ шешім негізі

Соңғы жылдары еліміздің сот жүйесінде медиация кеңінен қолданыла бастады....

Дәлелдемелер дер уақытында ұсынылуы тиіс

Азаматтық процестік кодекстің 73-бабында дәлелдемелерді ұсыну нормалары көрсетілген. Мұны...

ӘРПК-дағы татуластыру рәсімдерінің тиімділігі

Кез келген даудың сотсыз бітуі азаматтар мен сот үшін...

Абыройы асқақ тұлға

Бүгінгі мақалаға арқау болып отырған кейіпкеріміз, еңбегімен танылған, ұрпаққа...

Судьялар съезінің маңызы зор!

Биылғы жыл Қазақстан Республикасы судьялар съезінің ІХ рет өтуімен...