Джо Байден коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимін бір жылға ұзартты

АҚШ президенті Джо Байден коронавирус пандемиясына байланысты елдегі төтенше жағдай режимін ұзартты. Бұл туралы Ақ үй хабарламасында жазылған, — деп хабарлайды РИА Новости

«COVID-19 пандемиясы адамдардың денсаулығы мен елдің қауіпсіздігіне айтарлықтай қауіп төндіреді. Осыған байланысты 2020 жылдың 13 наурызында жарияланған және 2020 жылдың 1 наурызында күшіне енген төтенше жағдай 2021 жылдың 1 наурызынан кейін де жалғасуы керек… Мен ұлттық төтенше жағдай режимін ұзартамын», — делінген Байден қол қойған құжатта.

Кеше АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар саны 500 мыңнан асты. Жалпы Америка Құрама Штаттарында коронавирус жұқтырғандар саны 28 миллионнан асады.

Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа COVID-19 коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты 2020 жылы 11 наурызда пандемия жариялаған болатын.

«Аударма әлемі» — өзекті зерттеу

Филология ғылымдарының докторы, профессор, журналист, аудармашы, Қазақстан журналистер одағы...

Заявление главного исполнительного директора Kazakh Tourism Development Е. Еркинбаева

В социальных сетях распространяется видеозапись с вырубленными деревьями, которая...

Заң – баршаға ортақ: құқықтық мәдениет – қоғам тұрақтылығының негізі

Құқықтық мемлекет құру тек заңдарды қабылдаумен шектелмейді. Оның басты...

Мемлекеттік қызметтегі әдеп – кәсіби мәдениеттің негізі

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін...