12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Дыбыс-бейне жазбалар ашықтықты арттыруда

Тәуелсіздік алғанымызға 30 жылға жуықтады, осы жылдар ішінде еліміздің сот саласында айтарлықтай реформалар орын алса, солардың басым көпшілігі өзін-өзі ақтағаны баршаға мәлім. Бір қуанарлығы, жүйедегі игі бастамалар үзіліп қалмай, рет-ретімен жалғасын табуда. Мысалы, сот реформаларының өзін-өзі ақтауының бір дәлелі «100 нақты қадам» ұлт жоспарының 20-қадамымен сот процестерін дыбыс және бейне таспаға жазу жаппай міндеттелген болатын. Бұған қоса судьяның бейне жазуды тоқтату немесе аудио жазу материалдарын редакциялау мүмкіндігі шектелді. Қазіргі күні Қазақстан соттары сот төрелігінің ашықтығын барынша қамтамасыз ету мақсатында санды форматтағы аудио және бейнежазбаға түсіру құрылғыларымен жүз пайызға жабдықталған.

Дыбыс және бейне жазбаларын қолдану барысында хаттама қысқа жасалып, іс материалдарына тігіледі. Процесс барысында залдағы тәртіп сақталады, яғни, сотқа қатысушылар да, судья да өздерін талапқа сай ұстайды. Бұл өз кезегінде істің тыңғылықты қаралуына әсер етеді. Сот отырысы мәжілісінің хатшысы процесс басталғанға дейін дыбыс және бейнежазба құралдарының жұмысқа жарамдылығын тексеріп алады. Айта кетерлігі, техникалық ақауларға байланысты таспаға жазу мүмкін болмаса, оның себебі отырыс хаттамасында көрсетіледі, сондықтан, мұндай жағдайда отырыс жалғаса береді. Процесс соңында тараптар бейне және дыбыс жазбаның көшірмесін ала алады. Жазбаларды қолданудың басты артықшылығы – халықтың сотқа деген сенімін нығайтуға сеп болуда. Өйткені, бұл үрдіс ашықтықты қамтамасыз етіп, сот өндірісін тиімді етуде. Сонымен қатар, бұлар адамның конституциялық құқығын сақтауда айрықша маңызға ие.

Заманға сай соңғы жылдары сот жүйесінде ғылым мен техниканың жетістіктері, соның ішінде ақпараттық технологиялар кеңінен қолданылуда. Мысалы, «Төрелік», «Сот кабинеті», «Дыбыс-бейне жазба құралын қолдану» сынды тетіктер азаматтардың сот қызметіне қолжетімділігін жақсартты. «Төрелік» — бұл сотта қаралатын істерге ғаламтор желісі арқылы енгізілген бірыңғай жүйе. Яғни, сот ашықтығының дәлелі. Ал, «Сот кабинеті» — сот органдарының сервисіне электронды түрде кіруге арналған бірыңғай терезе. Ел халқы өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта, үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, онлайн режимінде аталған сервис арқылы электронды түрде өз талаптарын жолдай және істің қаралу барысын бақылай алады. Бұл сот жүйесінің қолжетімділігін көрсетеді. Ең бастысы, техникалық құралдарды қолдану сот отырысы хаттамасының сапалы жүргізілуін қамтамасыз етті.

Қазақстан Судьяларының VI съезінде жүктелген тапсырмалардың бірі сот төрелігіне азаматтардың қалың тобы қол жеткізуін қамтамасыз ету болса, бүгінде ол мақсатқа жеттік. Яғни, Елбасының: «Соттың іс қарау хаттамасын толық және сапалы қамтамасыз ететін тетік ретінде сот үдерістерінің электронды тіркелімін жаппай енгізген жөн» деген тапсырмасы шешімін тапты. Заманауи ақпараттық технологиялар сот қызметінің қолжетімділігі мен ашықтығын жан-жақты кеңейтәп, саланы қағазбастылықтан арылтты,

құқықтық қоғамның барлық мүшелеріне және бұқаралық ақпарат құралдарына соттардың қызметі туралы жедел ақпарат алуға мүмкіндік берді. Сот жүйесінің оңтайландырылуы әділеттілік пен заң үстемдігін қамтамасыз етуде.

Құралай Садырова,

Алмалы аудандық №2 сотының судьясы

Алматы қаласы

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...

Сот азаматтың тұрғын үй құқығын қорғады

Талап қоюшы 2011 жылдың сәуір айынан бастап «жасына байланысты...

Кассациялық соттың құрылуы және қызметі

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан...