Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Астанада өтетін дүбірлі додадының басталуына 30 күн қалды

2024 жылдың 8-13 қыркүйегі аралығында Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Жарысқа әлемнің 89 елінен 2 мыңнан астам спортшы қатысады. Спорттық жарыстар мен мәдени іс-шараларға 100 мыңнан астам турист келеді деп күтілуде, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дирекциясына сілтеме жасап.

Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының спорттық бағдарламасы аясында спорттың 21 түрі бойынша жарыстар өткізу жоспарланған.

Олардың қатарында ат жарысы, ұлттық күрес түрлері, дәстүрлі зияткерлік ойындар, жекпе-жек түрлері бойынша жарыстар, садақ ату, құстармен аң аулаудың ұлттық түрлері, ат жарыстары, халық ойындары бар.

Тікелей Астанада «Көшпенділер әлемі» этноауылы ашылады, онда әрбір келуші қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерімен, сондай-ақ қатысушы елдердің өзіндік мәдениетімен таныса алады.

Күн сайын этноауылға елорданың 10 мыңнан астам тұрғыны мен қонағы бара алады. Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары «Ұлы Дала дүбірі» ұранымен өтеді.

Сонымен қатар 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында 9-11 қыркүйекте Ұлттық музейде «Көшпенділер: тарих, білім, сабақтар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Конференция «Тарих және мәдениет», «Спорт ғылымы» және «Орталық Азия көшпенділерінің тамақтануы» секцияларынан тұрады.

Толық ақпаратты мына сілтеме бойынша алуға болады: https://worldnomadgames.kz/kz.

Ювеналды соттардың соттылық мәселелері

Қазақстан Республикасының сот жүйесінде соттылық ұғымы – әрбір азаматтың...

Вместе к здоровому образу жизни: осуждённые провели товарищеский матч

В Семее на городском футбольном поле состоялась товарищеская игра...

Мемлекеттік тіл және әділ сот қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің негізгі нышандарының бірі, қоғамның құқықтық...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршаға ортақ міндет

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның тұрақты дамуына кері әсер ететін,...

Ту – бірегейлік пен ынтымақтың жаршысы

Тулар түрлі-түсті маталардың қиындылары ғана емес, олар – ұлттардың...