Бұл ұйымның мәліметінше, Ауғанстанда наурыздың басында 167 аурухана мен емхана жабылып, 25 провинцияда 1,6 миллион адам медициналық көмексіз қалды. Бұл үрдіс одан әрі жалғаса берсе маусым айына дейін тағы 220 медициналық мекеме жабылуы мүмкін деген болжам бар.
Ең қиын жағдай Ауғанстанның солтүстік, батыс және солтүстік-шығыс аймақтарында медициналық орталықтардың үштен бірінен астамы жұмысын тоқтатқан. «Бұл тек цифрлар емес, бұның артында қаншама адамның тағдыры тұр. Дәрігерсіз босана алмайтын аналар, вакцинасыз қалған балалар, дерттері өлімге әкелетін, кез келген аурудан қорғалмаған тұтас қоғам жатыр. Мұның салдары тек өлім көрсеткіштерінің артуына әкеледі» дейді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері. 2025 жылдың қаңтар және ақпан айларында ғана Ауғанстанда қызылшаға күдікті 16 000-нан астам жағдай тіркелді, 111 науқас қайтыс болды. Алайда қызылшаға қарсы вакцинаның бірінші дозасын балалардың 51%-ы, ал екінші дозасын 37%-ы ғана алған.
А. МАУЛЕНБАЙ, «Заң газеті»


