ДСМ: Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны басталды

Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны басталғанын мәлімдеді, — деп жазады nege.kz.

«Біз екінші толқын екенін түсініп отырмыз…дегенмен, біз оны бірінші, екінші толқынға бөлмейміз. Іс жүзінде науқастар санының өсуі байқалады. Біз жағдайдың дамуын пессимистік емес, нақты деп айта аламыз, мұнда өсуді байқап, біз екінші толқынның даму сатысында тұрмыз деп айта аламыз. Себебі аурудың таралып, көбеюі толқын тәрізді», –  деді Қиясов.

Сондай-ақ, ол локдаун туралы сұраққа жауап берді. Оның айтуынша, әзірше «қызыл» аймақта екі облыс бар, қалғандары «сары» аймақта.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 164 477-ге жетті.

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...