Дмитрий Панарин — Cameron International Challenge 2025 турнирінің күміс жүлдегері!

Қазақстандық бадминтоншы Дмитрий Панарин Камерунда өткен беделді халықаралық турнир — Cameron International Challenge 2025 жарысында ерлер арасындағы жекелей сында күміс медаль жеңіп алды.

Турнир барысында Панарин сенімді әрі тұрақты ойын көрсетіп, жоғары дайындық деңгейін дәлелдеді. Сондай-ақ, жұптық санатта Махсут Тәджібуллаевпен бірге ширек финалға дейін жетті.

Бұл қазақстандық спортшылардың соңғы айдағы екінші табысы. Бұған дейін Панарин мен Тәджібуллаев JE Wilson Ghana International 2025 турнирінде қола жүлдеге ие болып, еліміздің атын әлемдік аренада асқақтатты.

Қазақстан бадминтон федерациясы Дмитрий Панарин мен Махсут Тәджібуллаевты құттықтап, жаттықтырушылар штабына алғыс білдіреді және спортшыларымызға жаңа жеңістер тілейді!

Қазақстандық бадминтон халықаралық деңгейде өз биігін бағындыруды жалғастыруда

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

В Многопрофильной больнице города Қонаев начала работу современная бактериологическая...

Су қорының жері жекеменшікке берілмейді

         Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінің жауапкер «AL-agro...

ПРЕЖДЕ ЧЕМ СКАЗАТЬ «ДА», НУЖЕН ЛИ БУДУЩИМ СУПРУГАМ «СЕМЕЙНЫЙ ПРАВОВОЙ МИНИМУМ»?

Семья начинается с чувств. Ответственность за семью должна начинаться...

Безопасность на дорогах — обязанность ответственных организаций

Специализированным межрайонным административным судом Туркестанской области рассмотрено дело, касающееся...