Disney студиясының «Ақшақар» фильмі қазақ тілінде көрсетілді

19 наурыз күні Алматыда Disney студиясының «Ақшақар» фильмінің қазақ тіліндегі тұсаукесер көрсетілімі өтті. 

Көрсетілімге елімізге танымал тұлғалар, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер мен депутаттар, дубляж актерлары мен блогерлер, БАҚ өкілдері қатысты.

Бұл – Disney-дің қазақ тілінде «сөйлеткен» төртінші фильмі. Фильмдерді түрлі елдерге бейімдеп, дубляждау – Disney компаниясында бұрыннан қалыптасқан үрдіс. Disney жыл сайын әр фильмнің түрлі тілдердегі 40-ға жуық нұсқасын дайындайды. «Қазақ тілі» қоғамының ұйытқы болуымен былтырдан бастап ірі халықаралық студиялар әлемдік премьераларын қазақ тілінде ұсына бастады. Осы бастама аясында Disney студиясы 2024 жылы «Ойжұмбақ 2», «Моана 2», «Муфаса. Арыстан патша» деп аталатын үш фильмін қазақ тіліне аударып, дубляж жұмыстарын қаржыландырды. Енді көрерменге «Ақшақар» туындысы ұсынылады.

Көрсетілімге дубляж актерларының толық құрамы, танымал тұлғалар қатысады. Олар: мюзикл актрисасы Жарқынай Ханайым, әнші, актриса Айгүл Иманбаева, әнші Жұлдыз Уәлихан, әнші Еркеш Хасан, актер Қайрат Әділгерей, кинорежиссер Ақан Сатаев. Қазақ тіліндегі дубляж режиссері – Шах-Мұрат Ордабаев, қазақ тіліндегі әндердің музыкалық жетекшісі – Анель Сіргебаева.

Бұған дейін «Моана 2»-нің қазақша нұсқасы бокс-офистердің 12,36% үлесін қамтыды. Кассалық табыс үлесі 12 күнде 151 000 000 теңгеден асып, қазақшаға аударылған анимациялық фильмдер арасында ең табысты туынды ретінде рекорд орнатты. Disney мен Pixar студиясының «Ойжұмбақ 2» фильмі алғашқы 4 күнде 40 000 000 теңгеден астам қаражат жинап, бұған дейін көрсетілген туындылар арасында рекорд орнатқан еді. «Муфаса. Арыстан патша» көркем фильмін қазақ және орыс тілдерінде көруге 1,1 миллион көрермен келген. 

Қазақ тіліндегі трейлерді мына жерден жүктеп алсаңыз болады: https://youtu.be/0anXmeWAwkU 

Қазақ тіліндегі музыкалық клип: https://www.youtube.com/watch?v=jlk2j0GP9Og

Постерлер: https://disk.yandex.ru/d/9NSVwI0_tbVUTw 

Анықтама: 

Disney студиясының «Ақшақар» фильмі – 1937 жылғы анимациялық фильмнің бейімделуі. Сиқыр мен музыкаға толы шытырман оқиға бәрі жақсы көретін кейіпкерлер: 7 ергежейлі – Ақылды, Жұбаншақ, Күлегеш, Ұялшақ, Түшкiршек, Ұйқышыл және Аңқау экрандарға қайта оралады.

Жеткізу сәтсіз аяқталды: Алматы облысындағы колонияға тыйым салынған заттарды лақтыру әрекеті тоқтатылды

Алматы облысындағы №14 мекемеге тыйым салынған заттарды лақтыру әрекетінің...

«Кітап оқитын ұлт» ұлттық жобасын – қолдау»

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Кітап оқитын ұлт болуға...

В Алматы продолжается работа по поддержке детей в рамках проекта «Социальная мастерская»

В Алматы в рамках проекта «Социальная мастерская» продолжается системная...

Алматыда «Әлеуметтік шеберхана» жобасы аясында балаларға қолдау көрсету жұмыстары жалғасуда

Алматыда балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға...

«ZEREN photo fest»: кәсіби фототілшілер ЕҰУ студенттеріне шеберлік сабағын өткізді

17–18 қазан күндері Зерендіде дәстүрлі «ZEREN photo fest» фотофестивалі...