Disney мен Pixar студияларының «Элио» фильмінің қазақ тіліндегі тұсаукесер көрсетілімі өтті

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы әлемдік премьераларды қазақ тілінде көруге шақырады!

18 маусым күні Алматыда Disney мен Pixar студияларының «Элио» фильмінің қазақ тіліндегі тұсаукесер көрсетілімі өтті. Көрсетілімге елімізге танымал тұлғалар, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер мен депутаттар, дубляж актерлары мен блогерлер, БАҚ өкілдері қатысты.

Фильмдерді түрлі елдерге бейімдеп, дубляждау – Disney компаниясында бұрыннан қалыптасқан үрдіс. Disney жыл сайын әр фильмнің түрлі тілдердегі 40-ға жуық нұсқасын дайындайды.

Осы бастама аясында Disney студиясы 2024 жылы «Ойжұмбақ 2», «Моана 2», «Муфаса. Арыстан патша», биыл «Ақшақар», «Лило мен Стич» деп аталатын фильмдерін қазақ тіліне аударып, дубляж жұмыстарын қаржыландырды. Қазақ тілінің ірі халықаралық студиялар өз қаражатымен қолдайтын тілдердің қатарына қосылуы – тіліміздің дамуы үшін өте маңызды оқиға. Енді көрерменге 19 маусымнан бастап «Элио» туындысы ұсынылды.


 Дубляж актерлары мен режиссер сұхбаттары:

Фильм көрерменді ерекше тылсым әлемге жетелейді. Басты кейіпкер – қиялы ұшқыр Элио. Ол кездейсоқ Жердің өкілі ретінде бүкіл ғаламның тіршілік иелері жиналған планетааралық ұйымға      тап болады. Енді ол – адамзат атынан сөйлейтін жалғыз өкіл. Бүкіл галактикаға қауіп төндірген дағдарысты қалай реттейді? Оны жақында білеміз. Бұл тек шытырман оқиға емес, әр балаға өзін тану мен даму жолын көрсететін нұсқаулық деуге де болады.

Курс молодого бойца

С 31 АВГУСТА ПО 20 СЕНТЯБРЯ 370 КУРСАНТОВ, ПОСТУПИВШИХ...

Алматы мен Астана Орталық Азиядағы экономикалық көшбасшылықты сақтап қалуға дайын

Алматы ұзақ уақыт бойы Қазақстанның саяси және коммерциялық функцияларын...

Алматы и Астана сохранят экономическое лидерство в Центральной Азии

Алматы долгое время объединял политические и коммерческие функции Казахстана...

АСЫЛХАННЫҢ АСУЛАРЫ

«Биссмила» деп бастадым сөздің басын,Мұсылманның ұрпағы біз болғасын.«Дін –ұлттың...

Условно-досрочное освобождение

Условно-досрочное освобождение – это прекращение отбывания наказания до истечения...