Діни сауаттылықты арттыру мақсатында дәріс өтті

Алматы қаласы ҚАЖ Департаментіне қарасты №11 мекемесінде кәмелетке толмаған жазалы жасөпірімдер арасында, мекеме теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру тобының инспекторы  әділет аға лейтенанты Назым Сугралиеваның  ұйымдастырумен іс шара өтті. Алматы қаласы Дін істер жөніндегі басқармасымен бекітілген «Алматы қаласы бойынша 2024 жылға арналған ҚАЖ  мекемелерінде ұсталынатын азаматтармен жеке профилактикалық шараларын өткізу» кестесіне  сәйкес, мекемеге Алматы қаласының Заря-Восток мешітінің бас имамы, дінтанушы теолог Ахметов Қазбек Пазылбекұлы қатысуымен жеке дара «Зиянды теріс ағымының адасу тұстарынан сақтану жолы» деген тақырыпта дәріс жүргізілді.  

Мақсаты: еліміздің тарихы терең рухани құндылықтарын дәріптеп, деструктивті діни ағымдардың сипаттарын көрсетіп беру. Зайырлылық негіздерін түсіндіру Керағар теріс ағымдардың бет пердесін ашу,теріс ағымды тану және талдай білу. Оңалтудағы негізгі мақсат білімсіздіктің кесірінен теріс ағым жетегіне кеткендерге оңалту жұмыстарын жүргізу дұрыс жол көрсету.    Адасудың себебі әуел білімсіздік,елжандылықтың жоқтығы, әлеуметтік желідегі теріс уағыздардың кесірі екені түсіндірілді. Түзетудегі негізгі тұжырым адасушыларды нағыз өмірге түсіріп құндылықтарды айқындау. Салт-дәстүрді дәріптеу отанға деген патриоттық сезімді ояту болып табылады. Бұл іс-шара тиісті жоғары деңгейде өтті, қатысушылар пайдалы дұрыс ақпарат арнайы маманан алды. Осындай іс-шаралар жазасын өтеп жатқан жасөспірімдердің діни сауатын арттырып, теріс ағымдардан сақтандыруға бағытталған.

                                                   №11 мекеме  Еркегүл Жеңісхан

Әлихан Бөкейханов және құқықтық мемлекет идеясы: тарихи мұра мен заманауи сабақтастық

Әлихан Бөкейханов – қазақ тарихындағы аса ірі тұлғалардың бірі,...

Мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі қолданылуын жетілдіру мәселелері туралы

Құрметті әріптестер, құрметті мемлекеттік тіл бойынша жауапты мамандар! Бүгінгі кездесудің...

Алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершіліктің өзекті мәселелері

Алаяқтық – қоғамдағы ең кең таралған әрі қауіпті қылмыстардың...

Almaty Half Marathon 

МАССОВЫЙ СПОРТ В АЛМАТЫ СТАНОВИТСЯ ХОРОШЕЙ НАЦИОНАЛЬНОЙ И КРЕАТИВНОЙ...

Согласно миссии ООН

В АЛМАТИНСКИЙ ВОЕННЫЙ ГАРНИЗОН С РАБОЧЕЙ ПОЕЗДКОЙ ПРИБЫЛ ЗАМЕСТИТЕЛЬ...