Алматы қаласында Алматы облысы әкімдігінің жанындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру тобы жұмысының ашылуына арналған дөңгелек үстел және бір күндік оқыту семинары өткізілді.
Аталған семинарға аудандық ішкі саясат бөлімдерінің қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің теологтары және белгілі дінтанушылар қатысты.
Семинардың ашылу салтанатында арнайы дін мамандары экстремизм мен терроризмнің қауіптілігі мен оның алдын алу іс-шараларына, Қазақстандағы діни ахуал мен тенденцияларға талдау жасады. Олар
жалпы ислам дінінің бейбітшілік пен тыныштықты насихаттайтын дін екенін кеңінен әңгімеледі.
Дәріс соңында семинарға қатысушыларға арнайы сертификат табысталды.


