«Dinamo Wolves Fighting Team» демалыс орталығының тәрбиеленушілері қоян-қолтық ұрыстан әлем және Азия біріншілігінде жүлдегер атанды

Қырғызстанның Бішкек қаласында «Газпром детям» спорт кешенінде қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионаты және Азия біріншілігі өтті. Аталған жарысқа 28 елден келген мықты спортшылар қатысып, турнир жоғары деңгейдегі бәсекеге толы болды.

Алматы қаласы Алмалы ауданының «Dinamo Wolves Fighting Team» демалыс орталығының тәрбиеленушілеріГүле-Бено Мусаеваның жетекшілігімен байрақты бәсекеде үздік нәтижелер көрсетіп, өз салмақ дәрежелерінде жүлделі орындарға ие болды.

Жарыс нәтижелері:

  • Қабдолманат Інкәр1 орын,
  • Евдокимов Захар3 орын
  • Русланқызы Аруна3 орын
  • Баймұхамбетова Эльвира3 орын
  • Фролова Анастасия3 орын,

Алматылық жас спортшылардың бұл жоғары деңгейдегі жарыстағы жетістігі — олардың табандылығының, тәртібінің және кәсіби дайындықтарының айқын дәлелі.

Айта кетейік, демалыс орталықтарының жұмысы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен жүзеге асырылады. Қаладағы демалыс орталықтарында көрсетілетін барлық қызметтер тегін, бұл жастарға спортпен айналысуға, өз қабілеттерін дамытуға және жан-жақты қалыптасуға тең мүмкіндік береді.

Борьба с киберпреступностью

СИСТЕМНАЯ ПРОФИЛАКТИКА ИНТЕРНЕТ-ОБМАНА В АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ НАБИРАЕТ ОБОРОТЫ. МЕСТНАЯ...

Реализация проектов в действии

В ХОДЕ РАБОЧЕЙ ПОЕЗДКИ АКИМ ОБЛАСТИ АБАЙ БЕРИК УАЛИ...

К 100-летию выдающегося режиссера

ТОРЖЕСТВЕННОЕ ОТКРЫТИЕ МЕРОПРИЯТИЙ, ПОСВЯЩЕННЫХ 100-ЛЕТИЮ ВЫДАЮЩЕГОСЯ КАЗАХСКОГО РЕЖИССЕРА, ЗАСЛУЖЕННОГО...

Иллюзия близости: почему чат-боты заменяют нам друзей?

ПОЗДНИЙ ВЕЧЕР, В КВАРТИРЕ ТИХО, ГОРОД ЗА ОКНОМ ДАВНО...

Водоснабжение населения: итоги и планы

В Казахстане продолжается системная работа по обеспечению населения качественными...