Бүгін Орал қалалық кітапханалар жүйесінің №6 кітапхана филиалында «Дін және қылмыс» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Шараға Орал қалалық пробация қызметінің орынбасары Баймұханова Айда Уразовна, БҚО орталық мешіттің наиб имамы Ихсанов Ерденбек Жанұзақұлы, Орал қалалық пробация қызметінің психологы Сарманов Мержан Жұмағалиұлы қатысты. Шараның мақсаты: пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес сотталғандар азаматтарfа діннің адам, қоғам өмірінде алатын орны, жалпы ислам дінінің-бейбітшілік, имандылық, мейірім діні екенін жіті түсіндіру. Қазақтың салт-дәстүрлері де Исламның асыл құндылықтарымен біте қайнасып кеткені белгілі. Бүгінде Қазақстан халқы рухани бірлік пен татулықта, келісім мен ауызбіршілікте өмір кешуде. Арнайы шақырылған қонақтарға сөз кезегі беріліп, тақырыпты тереңінен тарқатты.
БҚО бойынша ҚАЖД Орал қалалық пробация қызметі