Дикий Арманды қамау мерзімі 7 желтоқсанға дейін ұзартылды

Дикий Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі 7 желтоқсанға дейін ұзарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының ресми өкілі Абай Жарылқасынға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, 6 қазанда мамандандырылған ауданаралық тергеу соты шешім шығарған.

«Тергеу органдарының Д-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 11 айға дейін, яғни 7 желтоқсанға дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ», — делінген хабарламада.

Еске салайық, Арман Жұмагелдиев ұсталғаны 7 қаңтарда белгілі болған еді. Бес адамнан тұратын қылмыстық топ Алматыда арнайы операция барысында ұсталғаны айтылды. Күдіктілерді тінту кезінде әртүрлі маркалы және калибрлі төрт автомат, оларға арналған оқ-дәрілер, қырлы қарулар мен броньды көлік тәркіленген.

Кейінірек оның қылмыстық тобының мүшелері 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстағаны айтылды. Бұл туралы Арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров мәлімдеген еді. 

Сонымен қатар, Бас прокуратура өкілі Дикий Арман мен оның тобының 14 мүшесі қамауда екенін айтты. 

Сокращенное производство в уголовном судопроизводстве

Судебное разбирательство в сокращенном порядке в уголовный процесс был...

Информационно-разъяснительная работа

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ПОДПИСАЛ СООТВЕТСТВУЮЩЕЕ ПОСТАНОВЛЕНИЕ КАСАТЕЛЬНО УТВЕРЖДЕННОГО ПРАВИТЕЛЬСТВОМ...

Абай облысы бойынша ҚАЖ қызметкерлері оқушылармен кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №19 мекеме қызметкерлері...

«Путь» на большой экран 

В ВОРОНКУ МОШЕННИЧЕСТВА В НАШЕЙ СТРАНЕ ПОПАДАЮТ НЕ ТОЛЬКО...

Әкімшілік рәсімдердің және әкімшілік сот ісін жүргізудің қағидаттары – құқықтық мемлекеттің берік тірегі

Құқықтық мемлекетте азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау басты құндылықтардың...