Дихан Қамзабекұлы білім жүйесіндегі зайырлылық пен мәдениеттің Ата Заңда нақты айқындауды ұсынды

Конституциялық комиссияның отырысында сөз сөйлеген «Қазақ газеттері» серіктестігінің бас директоры Дихан Қамзабекұлы білім жүйесі мен мәдениеттегі зайырлылық Ата Заңда нақты көрініс табуы – зиялылық дәстүрдің талабы екенін айтты.

Мемлекеттік білім мен тәрбие жүйесі үшін зайырлы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар – өркениет темірқазығы екенін еске салған ол дамудың даңғыл жолына түскен алдыңғы қатарлы елдерде солай болғанын және бола беретінін тілге тиек етті.

«Әй дейтін ажа, қой дейтін қожа жоқ» кейінгі ширек ғасырда қарашұбар жамылғы, сөлеңдеген сұрықсыздық, келте балақ, қауға сақал мен селдір сақал қаладан далаға дейін қаптап кетті. Қазақтың иманды, тәрбиелі, білімді ортасын қара бұлт, дүдамал діл басып алғандай күй кештік. Ата-анасын тыңдамайтын ұрпақ, ұлт дәстүрін тәрк еткен діндарсымақтар пайда болды. Ең қауіптісі, олар ұрпағын да жат бағытта тәрбиелеуге көшті», – деді Дихан Қамзабекұлы.

Ол Сирияға соғысқа барып адасқандар трагедиясы мен «Жусан» операциясының арқасында елге оралғандардың көз жасы көпке ой салуға тиіс екенін жеткізді.

«Діни экспансия тек мұсылман әлеміне ғана қатысты емес. Христиан дүниесі де, басқа ірілі-ұсақты мүләйімсіген конфессиялар да білім жүйесіне кіруге ентелегені жасырын емес. Дегенмен қазір ахуал түзеле бастады. Бұл тұрғыда Конституциядағы зайырлылық нормасы осы зәрулікті оңтайлы шешер еді» деп ойын білдірді ол.

Кассациялық сот – әділ сот төрелігінің жаңа кезеңі

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы...

Халықаралық құжат айналымындағы апостиль рөлі

Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым...

Аумақтан тыс соттылық – маңызды құқықтық қадам

Қазіргі қоғамда сот жүйесіне деген сенім – құқықтық мемлекетттің...

С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей

Сегодня в Казахстане функционирует более 70 театров, из которых...

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы...