12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Депутаттар ХҚО қызметкерлерінің мәртебесін анықтауды ұсынды

Бұл туралы Бұл туралы Фейсбуктегі парақшасында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Магеррам Мамедович Магеррамов жазды өзінің Фейсбук парақшасында жазды.

 

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1667209436793827&id=100005143602219

 

Өткен пленарлық отырыста мүгедектігі бар адамдардың проблемалары бойынша депутаттық сауал жарияланды. Егер достар, естеріңізде болса, мен ҮЕҰ-мен және ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналармен кездесуім туралы пост жаздым. Сол кездесудің қорытындысы бойынша, біз бірден Мәжілістің жаңа алтыншы сессиясының бірінші отырысында сауал қойдық. Бүгін ХҚО мен әлеуметтік мекемелерге бару қорытындысы бойынша сұраныс болды. Мен бұл жөнінде пост жазып, ол жерлерге біз бекер бармағанымызды осындай сауалмен жеткіздік..

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Осы сауалмен «Азаматтарға арналған үкімет » мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына үкіметтің назарын аударғым келеді.

Өңірлерде болған кезде біз Мәжіліс депутаттарымен міндетті түрде халыққа қызмет көрсету орталықтарына барамыз. Егер орын алған пандемия мен карантинді енгізу осы қиын жағдайларда бірқатар мемлекеттік құрылымдардың жұмысын ұйымдастырудың белгілі бір проблемаларын анықтаса, онда ХҚО-лар бұл тұрғыда мобильді түрде қайта құру және халыққа қызмет көрсету бойынша жұмысты сапалы ұйымдастыру қабілетін көрсетті.

Біз Үкімет тарапынан ХҚО жұмысына назар аударуды күшейту қажет деп санаймыз. Осы орталықтардың қызметкерлері үшін әлеуметтік ынталандыруларға ерекше назар аудару керек. Әзірге төмен жалақы және ешқандай әлеуметтік пакетсіз жұмыс істеуде. ХҚО  қызметкерлерінің коронавирус немесе вирустық пневмонияны жұқтыру қаупі өте жоғары, өйткені олар адамдармен тікелей жұмыс істейді. Сондай-ақ, ХҚО қызметкерлерінің мәртебесін анықтауды ұсынамыз, өйткені бүгінгі күні олар мемлекеттік қызметшілерге де, азаматтық қызметкерлерге де жатпайды.

Қарттар үйі, сәбилер үйі сияқты әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдар үшін бейімдеу және әлеуметтендіру орталықтары да маңызды жұмысты жүзеге асырады.

Төмен жалақы және әлеуметтік ынталандырудың болмауы осы мекемелердегі жұмысты жас мамандар үшін тартымсыз етеді, бұл өз кезегінде кадр тапшылығы проблемасына алып келеді.

Бұл мекемелердің әлеуметтік және медициналық қызметкерлері еңбекақыны көтеру кезінде «ұмытылмайды». Біз үкіметті қолданыстағы әділетсіздікті осы мекемелерде жұмыс істейтін барлық қызметкерлер үшін лайықты жұмыс жағдайларын жасау жағына өзгертуге шақырамыз.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, заңнамада белгіленген мерзімде жазбаша түрде жауап қайтаруыңызды сұраймыз.

Құрметпен, фракция депутаттары

«Халық коммунистері»

М. Магеррамов

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

Ә. Қоңыров

В. Косарев

И. Смирнова

Т. Сыздықов

Нұр Отан «фракциясының депутаттары»

М.Айсина

Қ. Бижанова

С. Имашева

Н. Микаелян,»Қазақстан халқы Ассамблеясы» депутаттық топ мүшесі

 

СИЛА ПОЛИЦИИ – В ДОВЕРИИ НАРОДА

В ЯНВАРЕ ЭТОГО ГОДА ГЛАВА ГОСУДАРСТВА КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПРОВЕЛ...

КАК ЖИВЕШЬ, СЕЛЬСКАЯ ШКОЛА?

Каждый день директора общеобразовательной школы № 2 села Балкашино...

КОГДА ПРИШЛА БОЛЬШАЯ ВОДА…

ВЕСНА НАСТУПИЛА СТРЕМИТЕЛЬНО. АПРЕЛЬ ПРИНЕС В АКМОЛИНСКИЙ РЕГИОН НЕ...

ИСКОРЕНИТЬ ИЖДИВЕНЧЕСТВО

Глава государства на одном из заседаний Правительства указал, что...

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...