Депутат Мәжілістегі жалақы туралы айтты

Депутат Айдос Сарым Мәжілістегі жалақы туралы айтты. Оның айтуынша, мәжілісмендер 500-ден 800 мың теңгеге дейін айлық алады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Мен әлі білмеймін, алған жоқпын. Шынымды айтсам, тұрмыстық мәселелерге жоқпын. Бүгін тұрмыстық мәселелер бойынша отырыс болады. Жалақы қызықтырады, әрине. Бірақ әлі уақыт болған жоқ. Менің әкем ауырып қалды, Алматыда ұзақ уақыт болдым, сондықтан тұрмыстық мәселелермен айналысуға уақыт болмады, үлгермедім. Шамамен қанша болатыны айтылды. Менің ойымша, 500 мыңнан 800 мың теңгеге дейін. Бұл еңбек өтіліне, ғылыми дәрежесіне байланысты.

Шамамен солай, ол үшін профессор болу керек (шамамен 800 мың теңге алу үшін. — ескерту). Мемлекеттік қызметте 30 жыл жұмыс істеу, генерал болу, атаққа ие болу және тағы басқа. Менде мұндай болмағандықтан маған қатысы жоқ», — деді Айдос Сарым Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіндегі алқа отырысында журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда Парламент сайлауы 10 қаңтарда өтті. Нәтижесінде Мәжіліске Nur Otan партиясынан (76 мандат), «Ақ жолдан» (12 мандат) және Қазақстанның Халық партиясынан (10 мандат) депутаттар кірді.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...