Депутат экологиялық құндылықтарды Ата Заңда ұлттық басымдық деп бекітуді ұсынды

Конституциялық реформа аясында қабылданып жатқан әрбір норма болашақ ұрпақтың еркін де әділетті қоғамда өмір сүруіне тікелей әсер етеді. Бұл пікірді Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Серік Егізбаев Конституциялық реформа комиссиясының үшінші отырысында айтты.

Депутат конституциялық реформа арқылы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының заңды іргетасын қаланып жатқанын атап өтті.

«Тарихқа үңілсек, бабаларымыз «Жеті жарғыны» қабылдағанда да, Күлтөбенің басында күнде кеңес құрғанда да, басты мақсат – елдің тұтастығы мен әділдігі болған. Бүгінгі біздің саяси реформадағы негізгі міндетіміз – халықтың мүддесін қорғайтын, уақыт сынына төтеп беретін мінсіз заңнамалық жүйе құру. Бұл − жай ғана құжаттарды реттеу емес, бұл − ел тағдырын шешетін жауапты қадам», — деді Серік Егізбаев.

Оның пікірінше, қабылданып жатқан әрбір норма болашақ ұрпақтың еркін де әділетті қоғамда өмір сүруіне тікелей әсер етеді. Осы жолдағы ең басты стратегиялық қадам − бірпалаталы Парламент моделіне бет бұру және сайлау жүйесін толық пропорционалды негізге, яғни партиялық тізімдерге көшіру болмақ.

«Бұрын депутат жеке тұлға ретінде ғана жауапты болса, енді ол үлкен саяси ұйымның, нақты идеология мен партиялық бағдарламаның атынан сөйлейді. Мемлекет басшысының өз квоталарынан бас тартып, өкілеттіліктерді Парламентке беруі − саяси партияларға артылған үлкен сенім әрі зор жауапкершілік», — деп толықтырды депута.

Қаңтар айында «Ауыл» партиясының депутаттық тобы барлық 20 өңірді аралап, шаруалармен кездескен.

«Тіпті ең шалғай ауылдардың өзінде тұрғындар Парламент пен Үкіметтің жұмысына мұқият назар аударып отыр. Ал Конституциялық реформа бойынша түскен екі мыңнан астам ұсыныс — жай ғана статистика емес. Бұл — қоғамның жаңаруға, демократиялық бастамаларды күшейтуге және әділдікке деген тікелей сұранысы. Халық күтіп отыр, халық сеніп отыр және бұл үміттерді ақтамауға құқымыз жоқ. Халықтың аманаты бізден құқықтық жүйені жаңартып қана қоймай, оған түбегейлі жаңа, заманауи мазмұн беруді талап етеді», — дейді Комиссия мүшесі.

Сонымен бірге, Мәжіліс депутаты экологиялық құндылықтарды Ата Заң деңгейінде ұлттық басымдық ретінде бекітуді, Конституция преамбуласын жаңа редакцияда қабылдауды, 31-бапқа азаматтардың табиғатты сақтау міндетін енгізуді және 61-бап бойынша экологияны қорғау заңдарын реттеу құзыретін нығайтуды ұсынып отыр.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...