Департамент ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысын өткізді

Департамент ведомствоаралық жұмыс тобының (бұдан әрі – ВЖТ) кезекті отырысын өткізді, оның барысында «Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы көрсетілетін әлеуметтік саладағы мемлекеттік қызметтердің өзекті мәселелері талқыланды.

Мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық Жоспар шеңберінде 2020 жылдың басынан бастап «Әлеуметтік қызметтер порталы» іске қосылды, ол мүмкіндігі шектеулі адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндіруші мен жеткізушіні таңдауға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалтудың 55 техникалық құралының (ОТҚ) 2020 жылы 24 түрін алу мүмкіндігі болды.

Бүгінгі күні Әлеуметтік қызметтер порталында барлық ОТҚ  55 түрін және әлеуметтік қызметтерді іске асыру қолжетімді.

2020 жылы Алматы қаласындағы Әлеуметтік қызметтер порталын 1,8 мың азамат пайдаланды, олар шамамен 2,5 мың ОТҚ тегін алды.

Алайда, талдау қорытындысы порталда бірқатар қолжетімсіз мемлекеттік қызметтер бар екенін көрсетті, осыған байланысты, ВЖТ тиісті ұсыныстар енгізді.

Отырыста сондай-ақ «Цифрлық агент» мобильдік қосымшасына (digitalagent.pro) келіп түскен пікірлерді талдау қорытындылары қаралды.

Көптеген пікірлер Мемлекеттік кірістер мекемелері мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы қаласы бойынша филиалының бөлімшелеріне келіп түскенін атап өтеміз.

Осыған байланысты, пікірлерге жедел ден қою мақсатында, көрсетілетін қызметті берушілерге «Digitalagent» мобильді қосымшасына келіп түскен пікірлерді үйлестіруді жүзеге асыратын қызметкерлердің жауапкершілігін күшейту ұсынылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғамның ортақ міндеті

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін...

Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек

Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек — бұл...

Тіл ұлттың аса ұлы игілігі

Тіл ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырағысыз белгісі....

Ата-ана құқықтары мен міндеттері

Отбасы қоғамның негізгі әлеуметтік институты болып табылады. Әрбір баланың...