Денсаулық және құқық-адам игілігін қорғаудың тетігі

   Денсаулық-адам өмірінің басты құндылығы. Жеке тұлғаның физикалық және психологиялық игілігі қоғамның тұрақты дамуының негізі болып саналады. Осы ретте БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының бірі ТДМ 3 – «Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және барлық жастағы адамдардың игілігін жақсарту» стратегиялық бағыт ретінде әлем елдерінің барлық әлеуметтік, экономикалық, құқықтық жүйесіне әсер етіп отыр.

Денсаулық тек медицина саласының жауапкершілігі емес, ол заңнамалық реттелуді, құқықтық қорғауды, адам құқықтарын сақтауды, қоғамдық қауіпсіздік пен санитарлық нормалардың орындалуын талап етеді.Осы тұрғыдан қарағанда, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті денсаулық сақтау саласындағы құқықтық қағидаларды дамытуға, болашақ заңгерлерді қоғамдық денсаулық, медицина құқығы,медициналық қызмет көрсету сапасы саласында сауатты дайындауға белсенді үлес қосып келеді.Денсаулық сақтау жүйесі адамның өмір сүру сапасын, еңбекке қабілеттілігін анықтайтын маңызды сала. Қазақстан заңнамасында денсаулықты қорғау құқығы Конституция деңгейінде бекітілген. Заң факультеті осы нормаларды ғылыми-практикалық тұрғыдан талқылай отырып, студенттерге медициналық құқық, әлеуметтік сақтандыру, пациент құқықтары, медициналық құпия, репродуктивті құқық сияқты бағыттарды түсіндіруге ерекше назар аударады.Болашақ заңгерлер денсаулыққа қатысты дауларды шешу механизмдерін, пациент пен дәрігер арасындағы құқықтық қатынастарды реттеу дағдыларын меңгереді. Бұл-ТДМ 3 мақсатының жүзеге асуына тікелей үлес, өйткені денсаулық сақтау саласында құқықтық сауаттылық артқан сайын медициналық қызмет сапасы күшейіп, азаматтардың құқықтары тиімді қорғалады.

   Факультет ғалымдары қоғамдық денсаулық, медициналық сақтандыру, фармацевтикалық реттеу мәселелерін зерттеп, ғылыми мақалалар жариялайды. Бұл ғылыми ізденістер денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық базасын жетілдіруге, жаңа нормалар мен ұсыныстар әзірлеуге ықпал етеді.

Студенттер ғылыми конференциялар мен пікірталастарға қатысып, инфекцияның таралуына қарсы құқықтық реттеу, эпидемиологиялық қауіпсіздік, медициналық қателік кезіндегі құқықтық жауапкершілік және туберкулезге қарсы саясат, денсаулыққа қатысты қоғамдық бастамалар сынды тақырыптарды зерделейді. Осы арқылы заң факультеті денсаулық саласындағы құқықтық мәдениетті көтеруге өз үлесін қосуда.ТДМ 3 мақсаты тек ауруды емдеу емес, оның алдын алу, халыққа дұрыс ақпарат жеткізу, салауатты өмір салтын насихаттау екенін ескерсек, білім беру ұйымдарының рөлі айрықша.Заң факультеті студенттері қоғамдық акцияларға, құқықтық ағарту бағдарламаларына қатысып, есірткімен күрес, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жасөспірімдер қауіпсіздігі, еңбек гигиенасы, құқықтық волонтерлік жобалар аясында ақпараттық жұмыстар өткізеді.

   Қазіргі уақытта медицина цифрлық форматқа көшуде: электрондық емханалар, онлайн-кеңес беру, телемедицина, биомедициналық деректер базасы. Осы өзгерістер жаңа құқықтық талаптарды туындатуда. Заң факультеті биомедициналық деректерді қорғау, AI-диагностика жауапкершілігі, медициналық деректерді сақтау және құпиялылық, киберқауіпсіздік бағыттарын оқу үрдісіне енгізіп, студенттерді цифрлық медицинаға дайын маман ретінде қалыптастырады.ТДМ 3-адам денсаулығын сақтауға бағытталған планеталық деңгейдегі міндет. Бұл мақсатты жүзеге асыру тек медицина жүйесінің емес, сонымен бірге құқықтық институттардың, жоғары оқу орындарының, ғылыми орталықтардың күш біріктіруін қажет етеді.Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті осы бағытта белсенді жұмыс жүргізіп, медициналық құқық саласын дамытуға, пациент құқықтарын қорғауға, қоғамның құқықтық әрі денсаулық мәдениетін арттыруға өз үлесін қосып отыр. Факультет түлектері медицина ұйымдарында, сақтандыру компанияларында, құқық қорғау органдарында, мемлекеттік құрылымдарда қызмет етіп, денсаулық сақтау саласын құқықтық тұрғыдан нығайтуда. ТДМ 3-ті жүзеге асыруда құқық пен медицинаның тоғысуы еліміздің денсаулық сақтау жүйесін жаңа деңгейге көтеруге негіз болады.

Турсынкулова Д.А.,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының доценті, з.ғ.к.

Исмагулова Елмира

Заң факультетінің 1 курс магистранты

Кассациялық сот – әділ сот төрелігінің жаңа кезеңі

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы...

Халықаралық құжат айналымындағы апостиль рөлі

Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым...

Аумақтан тыс соттылық – маңызды құқықтық қадам

Қазіргі қоғамда сот жүйесіне деген сенім – құқықтық мемлекетттің...

С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей

Сегодня в Казахстане функционирует более 70 театров, из которых...

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы...