12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Денсаулық сақтау жүйесінің нәтижелері

Қазақстанда «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде жоспарланған 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанының құрылысы аяқталды.
Ұлттық жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылады және үш негізгі міндетті көздейді: ауылдық елді мекендерде МСАК ұйымдарының желісін дамыту, шұғыл медициналық көмек көрсетуді уақтылы қамтамасыз ету және ауылдық медициналық ұйымдарды кадрлармен жасақтау.
2023-2025 жылдарға арналған бірінші міндет шеңберінде медициналық пункттерді, фельдшерлік-акушерлік пункттерді және дәрігерлік амбулаторияларды қоса алғанда, 655 МСАК нысанын салу көзделген. Бүгінгі таңда барлық нысандардың құрылысы аяқталды.
Жобаны іске асыру кезеңінде 2023 жылы 99 МСАК нысаны, 2024 жылы 361 нысан және ағымдағы жылы 195 нысан салынды. Жаңа ғимараттар ескірген инфрақұрылымды ауыстыруға, сондай-ақ денсаулық сақтаудың бастапқы буыны бұрын болмаған елді мекендерді медициналық нысандармен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, ұлттық жобаның екінші міндеті шеңберінде 32 аудандық аурухананы көп бейінді аудандық орталық ауруханалар деңгейіне дейін жаңғырту жалғасуда. Нысандардың бір бөлігі бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды, қалғандары бойынша реконструкциялау, қосымша құрылыстар салу және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Осылайша, ауылдық жерлерде медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарының желісін құру бойынша «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының бірінші міндеті толық көлемде орындалды.

2026 жылы Алматының денсаулық сақтау саласына 367 млрд теңге жұмсау жоспарланған

2026 жылы оңтүстік астананың денсаулық сақтау саласы бюджеті 367,6...

НАГРАДЫ ЗА ЧЕСТНЫЙ ТРУД

На встрече с представителями рабочих профессий, посвященной чествованию передовиков...

ЦЕНА МОЛЧАНИЯ

УШЕДШИЙ В ИСТОРИЮ 2025 ГОД ОСТАВИТ В ПАМЯТИ ГРОМКИЕ...

ВЕКТОР РЕФОРМ: ОТ СТАБИЛЬНОСТИ К РАЗВИТИЮ

5 ЯНВАРЯ 2026 ГОДА ГЛАВА ГОСУДАРСТВА КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ДАЛ...

Абай облысының қауіпсіздігі орташа мекеме қызметкерлері зейнеткер Құлжановтың отбасына қуаныш сыйлады

Абай облысының қауіпсіздігі орташа мекеме қызметкерлері зейнеткер Қуаныш Ергазыевич...