Демонстранттардың жаңа тобы. «Алматы Арена» маңында жағдай қандай?

«Алматы Арена» мұз сарайы маңайында көп қабатты үйлер орналасқан. Бұл Алматыдағы тыныш аудандардың бірі. Бүгін қаланың бұл бөлігіне қалың тұман түскені байқалады.

Алайда төтенше жағдай режимі мен коменданттық сағат енгізілгеніне қарамастан, сағат 12.00 шамасында көшеде адамдар еркін жүргені көрінеді.

Кей тұрғындар қала орталығына қарай бет алған. Бүгін, 5 қаңтарда таңертеңнен бастап қоғамдық көліктер мен такси қызметі тоқтады. Сондай-ақ, байланыс және Интернетке қосылуда ақау бары байқалады. Бірақ кейбір дүңгіршектер қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

Жағдайды пайдаланған кейбір автокөлік жүргізушілері жол ережесін бұзып, белгіленбеген жерден бұрылып жатыр.

Кеше түнде мұз сарайы маңында демонстранттар жиналып, қаланың орталық бөлігіне бет алды. Бірақ бұл ауданда мүлікті қирату, бүлдіру немесе басқа да бұзақылық салдары байқалмайды.

Алайда Tengrinews.kz тілшілері қайтуға айналғанда, қатты дыбыстар мен ысқырықтар естілген. Ол демонстранттар тобы екені белгілі болды. Жұрт жүргізушілерді көлігін тастап, топқа қосылуға шақырып жатыр. Кей жүргізушідер оларға қосылып та жатыр.

Азаматтық сот ісін жүргізудің қағидаттары айқын

Азаматтар өзінің заңды құқығын біліп, өз мүддесін қорғауға қабілетті...

Татуластыру тетігін таңдау тараптардың еркінде

Азаматтық сот ісі заңдылыққа сүйене отырып дауларды әділ шешуді,...

Жасанды интеллект сот жұмысына серпін береді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды цифрландыру және жасанды...

Ерекше іс жүргізудің тиімділігі неде?

Елімізде жүргізіліп жатқан сот реформаларының басты мақсаты – азаматтардың...

Ашық сот процесі халық сенімін нығайтады

Сот жұмысы ашық, қолжетімді болған сайын азаматтардың сотқа деген...