ДДҰ мамандары Қытайда кешігіп жарияланған эпидемия туралы деректерді жария етті

ДДҰ сарапшылар тобының жетекшісі Қытайда кешігіп жарияланған эпидемия туралы деректерді жария етті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Axios сайтына сілтеме жасап.

ДДҰ миссиясының жетекші зерттеушісі Питер Бен Эмбарек Уханда 2019 жылдың желтоқсанында вирустың оннан аса штамы анықталғанын айтты.

«Вирус желтоқсанда Ухан бойынша кеңінен таралды, бұл жаңалық болды», — деді сарапшы. Ол Қытай тарапы 8 желтоқсанда вирус жұқтырған адаммен сөйлесуге мүмкіндік берілгенін қосты.

Эмбаректің айтуынша, ДДҰ мамандары ұсынылған CAVID-19 үлгілерін мұқият зерттеген. Атап айтқанда, желтоқсанда Уханда кем дегенде 13 түрлі мутация бар екені анықталды.

«Олардың кейбіреуі жергілікті базарларда тарала бастады, ал кейбіреуінің базармен мүлде байланысы жоқ», — деді Эмбарек.

Ол жаңа мәліметтер инфекцияның таралу мерзімі мен географиясын анықтауға ықпал етуі мүмкін екенін қосты.

Оның айтуынша, қытай ғалымдары сарапшылар тобына 2019 жылдың желтоқсанында Уханда тіркелген коронавирус инфекциясының 174 жағдайы туралы мәлімет берген. Оның ішінде 100 жағдай зертханалық зерттеулермен расталған, тағы 74-і симптомдарға негізделген клиникалық диагноз.

Деректер аймақта жалпы 1000-нан аса COVID-19 жағдайы болуы мүмкін екенін көрсетеді. Бұл болжам Қытай халқының тек 15 пайызы аурудың ауыр түріне бейім екенін көрсеткен статистикадан туындайды.

Айта кетейік, ДДҰ сарапшылары коронавирустың пайда болуын зерттеу үшін Уханға қаңтарда барған. Олар инфекция алғаш рет тіркелген теңіз өнімдері базарына барды.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...