ДДҰ COVID-19 жағдайларының азаюына қуану неге әлі ерте екенін түсіндірді

COVID-19-дың жаңа жағдайлары мен одан қайтыс болғандар саны күннен күнге азайып келеді, алайда коронавирустың «ұлыбританиялық», «Оңтүстік африкалық» және «бразилиялық/жапониялық» штамдары анықталған елдер саны өсіп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына сілтеме жасап. 

«Төртінші апта қатарынан бүкіл әлемде тіркелген жаңа жағдайлар саны азайып келеді: өткен аптада 3,1 миллион жаңа жағдай болды, бұл алдыңғы аптаға қарағанда 17 пайызға аз. Бұл 26 қазаннан (15 апта бұрын) бергі ең төмен көрсеткіш. Тіркелген жаңа өлім жағдайының саны да екінші апта қатарынан азайып келеді: өткен аптада 88000 адам қайтыс болды, бұл алдыңғы аптаға қарағанда 10 пайызға аз», — делінген ДДҰ сайтында.

Ұйым мәліметінше, әлемде 1-7 ақпан аралығында бір апта ішінде 3 153 426 жаңа жағдай және 88 369 өлім тіркелген. Алайда ДДҰ өкілдері алаңдау тудыратын коронавирустың басқа нұсқалары тарап жатқанын айтты. Мәліметтерге сәйкес, «ұлыбританиялық» штамм 86 елде, «Оңтүстік Африка» штамы 44 елде, ал «бразилиялық/жапониялық» 15 елде анықталған.

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...

Судьялар Одағына 30 жыл

Судьялар Одағы 1996 жылғы алғашқы сеъзінде өз жұмысын бастаған,...

В канун Дня Республики Президент наградил граждан, внесших личный вклад в развитие страны

В преддверии Дня Республики президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев подписал...

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...