12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Дауласушыларды татулыққа үндеу

       Бұрын ата бабаларымыз дауды шешу барысында ауылдың ақсақалдары жиналып, татуластыру үшін даналық ақылмен саралап, бір мәмілеге келтіріп, реттеп отырған.

   «Ақылсыз адамнан айқай келеді, Жан –жағын жайпай келеді, Ақылды адам жәй-жәй келеді, Жан –жағын байқай келеді» дегендей барлығын ақылмен шешкен дұрыс.

     Қаншама заман өтсе де сотта даулы істерде бірінші татуластыру шаралары ұсынылып, бітімгершілікке келу жолын көрсетеді. Осы бағытта қабылданған «Медиация туралы» заңының да маңызы өте зор.

    Медиация жолы біріншіден істі қысқа мерзімде бітіруге, екіншіден дауласып жатқан тараптардың бір –біріне деген абыройы, сыйластығы сол қалпында қалуына мүмкіндік туғызады.

     Судьяға жүктелген жауапкершіліктің артында адам тағдыры тұрады, сондықтан татуластыру жолымен шешілген іс судья тарапынан жасалған күрделі жұмыс десек те болады.

         «Тар жерде табысқан, Кең жерде келіседі», «Су да ылдиға ағады, Кішіпейілдік адамға жағады», «Заман қамын ойлаған, Саналықтың белгісі, Адам қамын ойлаған, Даналықтың белгісі» деп ата-бабалар айтқандай даналық пен саналық танытып, бір –бірімен табысып, келісімге келіп, кішіпейілдікті алға қойған дұрыс болар.

     Нәтижелі жұмыстың статистикасына келетін болсақ Маңғыстау облысының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2024 жылы 72 татуласу келісімі, 12 медиация, 2 партисипативтік рәсім бекітіліп шешімдерін тапқан.

                                Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың

                        істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының   

                            судьясы Айгүл Нұрланқызы Актулиева  

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекеттің конституциялық негізі

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекет қағидаттарының ажырамас бөлігі және...

Судья болу – мәртебелі міндет

Судья болу – мәртебелі міндет. Судьялықтан үміткерлерге қойылатын талаптың...

Сыбайлас жемқорлықтан ешбір ел сақтандырылмаған

Сыбайлас жемқорлық – әлем халықтарына ортақ кесел. Бұл індет...

Сот жүйесінің жаңашылдықтары

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықты және әлеуметтік мемлекет»...

«Сот төрелігінің маңызды бағытының бірі – бітімгершілік»

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының құқықтық саясатында сот жүктемесін азайту,...