12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

“Дауларды баламалы шешу” әдістері талқыланды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і, Заң факультеті “Азаматтық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы” кафедрасының аға оқытушысы Атаханова Салтанат Карибаевнаның жетекшілігімен 4 курс студенттері “Дауларды баламалы шешу” әдістерін қарастырып, зерттеген болатын. Нақты атап өтсек, Қазақстан Республикасы және шет елдегі “Медиация және төрелік” курсын өттік. Курс барысында “Дауды баламалы шешу” жолдарының дамуы қарқынды жүзеге асқан және оның орталығы болып табылатын АҚШ мемлекеті мен Қазақстан Республикасындағы медиация және төрелікті қарастырған болатынбыз.

Медиация АҚШ-та федералдық және штат деңгейінде реттеледі. Медиацияның басты мақсаты – дауларды сотсыз шешу. АҚШ-та медиация тәртібәмен қаралатын даулардың басым бөлігі: отбасылық, еңбек және коммерциялық. Бұл біздің мемлекетімізбен ұқсас жүйе екендігін растайды.

Дауды баламалы шешу әдістері АҚШ-та 19-ғасырдың соңында өндіріс көлемінің артуы салдарынан жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасындағы еңбек дауының туындауы себебінен кең қолданыла бастады. Халықаралық маңызға 1980-1990 жылдары ие болған АҚШ-тың медиация тәжірбиесі кең ауқымда қолданыла бастады.

Қазастан Республикасында ресми медиация және төрелік қоғам арасында енді танылу үстінде. Бірақ біздің тарихымызда халық арасында дауды шешудің баламалы  әдістері бұрыннан бар. “Ауыл ақсақалдары, билер кеңесі, төрелігін айту”- аталған терминдер бізге таныс, бұл Дала заңында тамыры тереңге жайылған тарихи терминдер.

Қазақстан мен АҚШ-та медиация және төреліктің негізгі айырмашылығы заңды кепілдіктің дамуы мен қатаңдығы деп ойлаймын. Мысалы, АҚШ-та заңгер немесе адвокат өзіне келген азаматтарға дауды баламалы шешу әдістерінің бар екендігін ескертпесе, яғни өз мүддесі үшін бұл ақпаратты жасырып қалса, құқықтық жауапкершілікке тартылады. Біздің мемлекетте дәл осындай әдістер қолдану жолдарын енгізіп, медиация және төрелік жүйелерінің қоғам арасында кеңінен танылуын қамтамасыз етсек, Сот жүйесіне түсетін “жүкті” жеңілдетуге болатын еді.

Осылайша,“Медиация және төрелік” курсында өткен маңызды тақырыптың бірімен бөлісуді жөн көрдім. Дауды баламалы шешу әрқашан тиімді және материалдық тұрғыдан үнемділік береді.

Асылбек Ерасыл Жандосұлы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 4 курс студенті

Эксперты обсудили 30-летие Конституции РК на площадке КИСИ GPS

25 августа т.г. в Алматы Казахстанский институт стратегических исследований...

Республиканская Лига молодых предпринимателей меняет бизнес-ландшафт Казахстана

Молодые предприниматели Казахстана часто сталкиваются с серьезными вызовами: недостаток...

Мемлекеттік тіл – елдігіміздің тірегі

Қазіргі таңда қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі – мемлекеттік...

Конституция – ел дамуының даңғыл жолын айқындайды

Биыл қазастан Республикасының Конституциясына 30 жыл толды. Ата-бабаларымыздың сан...