12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Дауды сотқа дейін шешудің жаңа тетігі

«Адамдардың заңы: жақсылық құру және ұрыс, дау-дамайдан аулақ болу» дейді ежелгі Қытай ойшылы Лао-цзы. Құқықтық заңнама да осы қағидадан алыс кетпейді. Әсіресе, медиация, дауларды соттан тыс шешу тетіктері кешірім мен бітімге негізделген. Өйткені, соттасудың азаматтарға қаржылық жақтан да, уақыт жағынан да тиімсіз екенін дәлелдеу артық. Осыны ескере отырып Қазақстанда соңғы жылдары дауларды соттан тыс және сотқа дейін реттеуге басымдық берілуде. «Медиация туралы» заң қабылдаудан басталған бұл қадам заңдық тұрғыдан жетілдіріліп келеді. Азаматтық процестік кодекске өзгерістер енгізіліп, биылғы жылдың қаңтар айынан бастап қолданысқа енуі сол маңызды істің жалғасы іспеттес.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру және дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қазір қолданыста. Бұл құжаттың қазақстандық қоғамға берер артықшылығы аз емес. Бүгінде судьялар жаңа заңнаманың негізгі жаңашылдықтарын жұртшылыққа таныстыру, түсіндіру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізуді бастады. Өйткені, халықтан қолдау таппаған, көпшіліктің сұранысына ие болмаған заң пайдасыз. Ал заңның маңызын, мәнін білу үшін азаматтарға заңның артықшылығын қарапайым тілмен таныстыру міндет.
Бұл заң Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында берілген тапсырмасына орай дайындалғаны белгілі. Онда Президент: «Дауларды шешудің баламалы тәсілдерін дамыту керек, бұл мемлекеттің қатысуынсыз, ымыраға келуге мүмкіндік береді» деген болатын. Яғни, жаңа құжат медиация институтын дамытуға, дауларды шешудің соттан тыс тәртібін кеңейтуге, оның ішінде татуластыру рәсімдерін жан-жақты қолдану мақсатында әзірленген. Жалпы, татуластыру рәсімдерін қолдану сот шығындарын азайтуға, халықты осы маңызды іске неғұрлым белсенді тартуға көмектеседі. Оған қосымша осы рәсімдерді нақты реттеу – судьяның, адвокаттың, нотариустың медиацияны жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Нәтижесінде сот талқылауының жаңа тәсілі – тараптар үшін дауларды тез шешуге ынталандыратын болады. Бұл соттардағы жүктемені азайтуға ықпал етеді.
Құжатта азаматтық процеске «сотқа дейінгі хаттама» деген жаңа институт енгізілген. Ол тараптарға сотта табысқа жету мүмкіндіктерін бағалауға және сот шешімін асыруға байланысты дауды, соттан тыс және басқа да бірқатар тәртіппен шешу мүмкіндігін пайдалануға жағдай туғызады. Бұл тәсілді қолданатын елдерде көптеген даулар сотқа жетпейді. Өйткені тараптар сотқа дейін бір-біріне барлық дәлелдерді ашып көрсетуі тиіс. Нәтижесінде олар соттасқан дұрыс па, бұрыс па білетін болады.
Тағы бір ерекше жаңашылдық жүктемесі неғұрлым көп сотты автоматтандырылған ақпаратты жүйе арқылы анықтап, эксаумақтық соттылықты таңдау құқығын берумен байланысты.
«Сотқа дейінгі хаттама» азаматтардың құқық­тық сауатын көтеріп қоймай, сот пен халық арасындағы сенімді нығайту кепілі саналады. Өйткені, татуластырушы судья сотқа дейінгі хаттаманы тараптарға жіберу арқылы татуласудың артықшылықтары мен салдарын түсіндіреді, тараптардың пікірін анықтайды. Ауызша өтініш АВФ арқылы тіркеледі немесе жазбаша өтініш талап етіледі. Сонымен бірге қос тарапқа сотқа дейінгі хаттаманың тараптық бланкісін (үлгісін) ұсынады және оны жасау үшін мерзімін белгілейді. Тараптарды татуластыру рәсіміне, оның ішінде сотқа дейінгі хаттама жасай отырып медиаторды немесе өкілдерді шақыру құқығын жан-жақты түсіндіреді. Бұдан кейін судья үйлестіру процедурасын жүргізеді. Өтініш бойынша немесе өз қалауы бойынша татуластыру рәсіміне қатысу үшін тараптардың татуласуына жәрдем көрсете алатын басқа адамдарды жариялайды. Егер тараптар 10 жұмыс күні ішінде сотқа дейінгі хаттама жасамай-ақ татуластыру рәсімдері шеңберінде келісімді бекіту туралы өтініш жасаса, судья азаматтық іс қозғау және оны сот талқылауына дайындау туралы ұйғарым шығарады. Сотқа дейінгі хаттаманы жасай отырып татуласқан жағдайда мұндай ұйғарым 15 жұмыс күнінен кешіктірілмей шығарылады.

Берік Иманмадиев,
Үржар аудандық сотының судьясы

Шығыс Қазақстан облысы

Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...