Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы 2011 жылы 28 қаңтарда қабылданып, бүгінгі күні елімізде жүзеге асырылуда. Бұл Заң Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін реттейді.
Медиацияның басты мақсаты –қос тарапты бірдей қанағаттандыратын және дауласушылық деңгейін төмендететін өара тиімді әрі өзара қолайлы, бейбіт келісімге келу.
Медиацияның тағы бір оңтайлы жағы –қаржылық жағынан сот шығынына қарағанда төмендігіне және уақыттың үнемділігінде.Сотта іс әдетте ұзаққа созылады, ол тіпті айларға созылу мүмкін.Бірнеше мәрте сот отырысы белгіленеді, оған тараптардың бірінің өкілдеру келмеуі де мүмкін, сөйтіп жағдай ушыға түседі. Бұл ретте медиацияның келесі ерекшеліктері алдыңғы қатарға шығады- тараптардың еріктілігі және жеделдетілген шараның бейресмилігі.Дауды шешуге медиаторға небәрі он күн уақыт беріледі. Сотта тараптар бір-біріне қарсы әрекет етеді, ал медаиция барысында өзара ынтымақтаса қимылдайды.Сот тағайындалады, ал медиатор таңдалады.Сот шешімді заңға сәйкес қабылдайды, ал медиатор тараптардың мүдделерін ескере отырып, бірақ заң аясында қабылдайды. Сот – жария үдеріс, ал медиация құпиялылықты қамтамасыз етеді, бұл медиатордың рәсім барысында мәлім болған ақпаратты оны ұсынған тараптың келісімінсіз жария қылуына жол бермейді.Сәйкесінше, медиатордан куәгер терінде жауап алуға рұқсат етілмейді.Медиацияның мақсаты дауды шешуде екі тарапты да қанағаттандыратыннұсқаға қол жеткізу және тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету. Ең бастысы медиатордың бейтараптылығы процедураға араласуға жол бермеушілік принциптерімен ерекшеленеді. Бір — біріне талап қоюшы тараптар сотқа дейін де сот барысында да медиаторға жүгіну арқылы өзара тиімді мәмілеге келе алады. Медиацияға келудің жалпы тараптарға тиімді тұстары, ол біріншіден уақытты ұтады, яғни тараптардың келісімі бойынша міндеттемелерді орындау өздері бекіткен мерзімде орындалады. Соттың медиацияны бекіту туралы ұйғарымы он жұмыс күннен кейін күшіне енеді. Талап бойынша «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Салық кодксінде көзделген тәртіппен төлеушіге қайтарылады. Айта келе, татуластыру рәсімдерін қолдану азаматтар үшін де, сот үшін де тиімді.Сотқа тиімді болатын себебі, бітімгершілікпен біткен істер арқылы азаматтық істердің саны азаяды.Сонымен қатар тараптарды татуластырудың сыйластықты сақтауға ықпалы мол. «Медиация туралы» Заңның халыққа пайдалы екені даусыз. Екі жақты дау тараптардың келісімімен бітіп жатса, судьяларға түсетін жүктеменің де төмендеуіне әсерін тигізеді.
Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері
жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотының судьясы
М.П.Уразалина