Дастан Сәтбаев Англия чемпионаты матчының үздік ойыншысы атанды 

Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтбаев Англия чемпионатының төртінші турында өткен «Бернли» – «Мидлсбро» матчында үздік ойыншы атанды. Кездесу 1:1 есебімен аяқталды, деп хабарлады Sports.kz.

18 жастағы қазақстандық футболшы «Бернлидің» негізгі құрамында алаңға шығып, 80-минутта жанкүйерлердің қошеметімен алмастырылды. Матчтан кейін Сәтбаевқа кездесудің үздік ойыншысына арналған сыйлық табысталды.

Бұл – Дастан Сәтбаевтың «Бернли» сапындағы төртінші кездесуі. Оның үшеуінде футболшы негізгі құрамда ойнаған. Әзірге қазақстандық шабуылшы гол немесе нәтижелі паспен көзге түскен жоқ.

Төрт турдан кейін «Бернли» турнир кестесінде 23-орында тұр. Команда келесі кездесуін 5 қыркүйекте «Бристоль Ситиге» қарсы өткізеді.

Жала жауып, жазасыз қалуға бола ма? Жалған айғақ үшін қандай жаза бар?

Сотта берілген жалған айғақ басқа адамның беделінен, ақшасынан, бизнесінен, кейде тіпті бостандығынан айырылуына әкелуі мүмкін.

Шаг к свободе

ЗА ЦИФРАМИ АМНИСТИИ – РЕАЛЬНЫЕ СУДЬБЫ. ДЛЯ ОДНИХ ОСУЖДЕННЫХ...

Павлодарда жылыту маусымы басталды 

«Павлодарэнерго» АҚ мәліметінше, 14 қыркүйектен бастап әлеуметтік нысандар мен жеке тұрғын үйлерге жылу кезең-кезеңімен беріле бастады.

Несиесін уақытында төлей алмағандарға 60 күн қосымша уақыт беріледі 

Жаңа тәртіп 21 қыркүйектен бастап күшіне енеді деп жоспарланып отыр.

Қазақстанда азық-түлік бағасы қалай өзгеруде? 

Қазақстанда бір апта ішінде бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы төмендеді. Әсіресе картоп, пияз және қырыққабат арзандады.